
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
45-мәтін (2019 жыл)
Конспект
Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне музыкалық аспабы. Ертеректе бұл аспапты аңшылық пен құсбегілікке пайдаланатын болған. Оны бітеу ағаштан ойып жасаған. Беті әбден иленіп кепкен терімен қапталады. Аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағынтаяқшасы болады. Оны түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. Үлкен оркестрлер үшін жетілдірілген үлгісін 1933-1934 жылдар шамасында композитор А.Жұбанов пен дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша белгілі қолөнерші Қ.Қасымов жасаған.
Сұрақтар
-
Музыкалық аспаптың «дауылпаз» аталуының себебі
-
Дауылпаздың неліктен аңшылық пен құсбегілікке пайдаланған?
Қате туралы хабарландыру