
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
39-мәтін (2019 жыл)
Конспект
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал бол, асыл қасиет те, асыл мінез де адал адамдарда болады. «Адал арың – ақ мамық жастығың», – дейді халқымыз. Адал адам дегеніміз – жалпының игілігіне өмір сүру, ортақ мүддеге бола жеке мүддені құрбан ету. Адалдық дегеніміз – ашық, шынайы қарым-қатынас. Әрқашан ойыңдағы шындықты айтуға әзір тұр, сонда арам пиғылдылар да сенен аулақ қашады. Егер өзі алдамшы алаяқ болмаса, ешкім алаяқтармен таныс-біліс болуды сүймейді. Олардан аулақ жүреді. Адал адамды қудалауға болар, бірақ ардан ада етуге болмайды. Адал адам арын сақтай біледі, одан айырылмайды. Әр уақытта адал болыңдар.
Сұрақтар
-
Мәтінде не туралы айтылған?
-
Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін мақал
Қате туралы хабарландыру