
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
39-мәтін (2019 жыл)
I. Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз айлары аралығында Амазона өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан тұзды, анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып толқындар пайда болады.
II. Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып оқиға болады: барлық аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторғай күн батпай тұрып үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен. Даттықтар бұл құбылысты «Қара Күн» деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады.
-
«Қара Күн» құбылысын тамашалауға болатын мезгіл
-
Мәтіндегі негізгі ой қандай?