Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

40-мәтін (2019 жыл)

Конспект

1. Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы едім. Әже құшағы қандай ыстық, қандай шапағаты зор десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше, әжем айналып-толғанып, арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың.

2. Бір күні түн жарымда оянып кеттім. Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің төсегінен алыстай бердім. Ондағы ойым, қораның екінші бетіндегі әкем жатқан үйге бару еді. Екі үйдің ортасында иін тіресіп мойындарын көкке созған күйі маңғаз түйелер жатыр екен. Жүндері үлпілдеп, түнгі самалға желпілдегендей сезілді. Түйелердің арасымен жүріп келе жатып, мен мамық жүнді ақ ботаның қасына еріксіз тоқтадым. Осы жерде отырып, жұлдызды аспанға телміріп ұзақ қарағаным есімде. Ай мені еркелете күлгендей сезілді. Ал қаз тізілген түйелердің өркеші тау жоталарындай көлбеңдеп көрінгендей еді. Түннің тымықтығы сонша – мен боталардың баяу демін айқын естіп тұрдым.

3. Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып, осы жерде таңырқап тұра беріппін...



Сұрақтар
  1. Екінші азатжолдағы авторға әсер еткен

  2. Бірінші азатжолдың мазмұнына қатысты тақырып

Қате туралы хабарландыру