Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

43-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін көкке шашқан асау өзен қалды.

Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам – Бөрібай. Қасындағысы – кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, жайлаудағы нағашысына келе жатыр. Аузы аңқиып, жол қызығын баққанына екі сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын кереге тастардан да, қалың нудың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден гүлге қонып, әудем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да әлдебір cыp түйіп, ой аңғарғандай.



Сұрақтар
  1. Үзіндідегі жыл мезгілі

  2. Жол бойы Бекенді әсеріге бөлеген

Қате туралы хабарландыру