Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

42-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Адамдар қандай болмасын әр түрлі істің айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой. Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс.

«Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері тоғыспай, ұзак таласады. Бірақ қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында ғұлама ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады:

– О, құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келіп, адамға қалай ықпал ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайында пікір таластырып, бір түйінге тоқтала алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!...

Әбунасыр біраз ойланып отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне былай деді:

– Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір мен сенімнің бір арнаға түспеуі дау-жанжалды қоздырады. Ал акиқат адамға айқындықты үйретеді. Онсыз дәлдік жоқ.

Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердің санасындағы ақиқаттың әлі бұлыңғыр жолын нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты.



Сұрақтар
  1. Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі

  2. Шәкірттердің ұстазымен кездескеннен кейін алған әсері

Қате туралы хабарландыру