Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз: 144; 121; 100; 81; 64; ?

  2. Су қоймасында қаздар мен үйректер жүзіп жүр. Ондағы қаздар үйректердің 50%-іне тең. Су қоймасында жүзіп жүрген үйректер қаздардың неше проценті?

  3. Бақта 3 көбелек, 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып араның қону ықтималдығын табыңыз

  4. Тасбақа қандай да бір уақыт аралығында 4 км жолды жүріп өтеді. Егер оның жылдамдығын 2 км/сағ-қа арттырса, онда осы уақыт аралығында ол 4 км-ге артық жол жүреді. Тасбақа бастапқыда қандай жылдамдықпен қозғалғанын табыңыз

  5. Алты адамды кезекке неше тәсілмен қоюға болатындығын анықтаңыз

  6. Айдана әрбір құрбысына 2 кәмпиттен берсе, 2 кәмпит артық қалады, егер 3 кәмпиттен берсе, 2 кәмпит жетпейді. Айдананың неше құрбысы бар екенін анықтаңыз

  7. А оң, В теріс сан, ал С нөлге тең. A∙B + B∙C + A∙C саны жатқан аралықты табыңыз

  8. Футбол ойыншыларының футбол алаңында бір ойын уақытында жүгірген қашықтықтары берілген: Роналдо – 14,2 км, Месси – 12,5 км, Рамос – 10,7 км, Пике – 13,6 км, Бензема – 8,3 км. Ойыншылар жүгірген қашықтықтарының арифметикалық ортасы мен өзгеріс ауқымының айырмасын табыңыз

  9. Компания телефон байланысы төлемдерінің екі түрлі тарифін ұсынып отыр: «Көмек» және «Тиімді» тарифтері. График бойынша «Көмек» тарифін қолданған абонент 280 теңгемен қанша минут сөйлесе алатындығын анықтаңыз

  10. Кестеде баспаханадан соңғы үш айда шыққан ашық хаттар саны көрсетілген. Желтоқсан айында басылған ашық хаттар санын анықтаңыз.

    1. Желтоқсан айындағы «Құттықтаймын» ашық хатының саны алдыңғы екі айдағы жалпы тираждың \(\frac13\)-іне тең.
    2. Желтоқсан айындағы «Мерейтойыңмен» ашық хатының саны алдыңғы екі айдағы жалпы тираждың 40%-не тең.
    3. Желтоқсан айындағы «Туған күніңмен» ашық хатының саны алдыңғы екі айдағы жалпы тираждың арифметикалық ортасына тең.
  11. Таблицада «Айналайын» сүт фабрикасының бес күндегі сүт өндіру көлемі көрсетілген (литр есебімен). Осы уақыт аралығында өндірілген сүт мөлшерінің өзгеріс ауқымын табыңыз

  12. Диаграммада балабақшадағы бір топтың балаларының салмақтары көрсетілген. Балалардың орташа салмағы қандай екенін табыңыз

  13. Данияр шарбақты сағат 11:30-дан бастап сырлай бастады. Суретте сырланған бөлікті (сол жағы) 12:00-де бітірді. Осы қарқынмен жұмыс істесе, ол жұмысын нешеде аяқтайтынын табыңыз 

  14. Сыныптағы қыздар саны ұлдардың 50%-ына тең. Ұлдардың саны қыздардың неше пайызын құрайды?

  15. Суретте берілген фигураның ауданын табыңыз

Қате туралы хабарландыру