
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
3 және 4 санына еселік болатын, 12 < x < 69 теңсіздігін қанағаттандыратын x-тің неше мәні бар екенін анықтаңыз.
-
400 санының 5%-ын тауып, шыққан санды 5%-ға арттырғанда қандай сан пайда болады?
-
Үлкен шаршының қандай пайызы боялғанын табыңыз.
-
2w − 3 = w − 2 + 6(w −1) болса, w = ?
-
Математика пәнінен қалалық олимпиаданың 1-ші кезеңінен оқуышлардың алған ұпайлары төмендегі диаграммада көрсетілген. 17 ұпайдан төмен ұпай алған оқушылар олимпиаданың келесі кезеңіне өтпейді. Олимпиаданың келесі кезеңіне неше оқушы өте алатынын анықтаңыз.
-
Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100 м қашықтыққа жүгірген уақыттарының көрсеткіштері кестемен берілген. Уақыттың өзгеріс ауқымын табыңыз.
-
Сыныптағы қыздар ұлдардан 25%-ке артық және барлығы 27 оқушы екені белгілі. Сыныпта қыздардың саны ұлдардың санынан нешеге артық екенін көрсетіңіз.
-
Дорбада бірдей пішінді 9 боялмаған және 6 боялған асық бар. Дорбадан 2 асық суырылды. Алынған екі асықтың да боялмаған болып шығу ықтималдығын табыңыз.
-
Құрылыс фирмасына 60 куб.метр пенабетонды 3 фирмадан алуға болады. Тасымалдау құны мен жеткізу шарттары кестеде берілген. Қызметі арзан болатын фирманы таңдап, оған қанша ақша жұмсалатынын есептеңіз.
-
Бақжанның 1-ші күні оқыған кітап бетінің 2-ші күні оқыған кітап беті санына қатынасы 8:5, ал 2-ші күнгісінің 3-шісіне қатынасы 10:7. Егер Бақжан 1-ші күні 3-ші күнге қарағанда 45 бет көп оқыған болса, онда екінші күні қанша бет оқыған?
-
16-дан кіші құрама сандардың қосындысын табыңыз.
-
Ертай банкке барып депозитке 360000 теңге ақша салды. Төмендегі диаграммада оның ақша салғаннан кейінгі алғашқы үш айдағы ақшасының қаншадықты өскені көрсетілген. Оның ақшасы 6 айдан кейін қанша болатынын табыңыз.
-
Сатушы тауардың бағасын айдың басында 20%-ға арттырып, ал ай соңында 10%-ға төмендетті. Ай соңындағы тауардың бағасы алғашқыдан
-
Жарты минут екі жарым сағаттың қандай бөлігі екенін анықтап, жауаптардың арасынан сол саннан 300 есе артық болатын санды табыңыз.
-
Ұзындығы 50 см, ені 30 см болатын тіктөртбұрыш пішінді қаңылтырдан қабырғасының ұзындығы 20 см-ге тең квадрат кесіп алынды. Қалған бөліктің ауданын табыңыз.