Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-нұсқа



Сұрақтар
  1. Төмендегі сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болса, сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды белгілеңіз.

  2. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жол жүрді. Егер ол жылдамдығын 2 есе кемітсе, осы жолды қанша уақытта жүріп өтетінін анықтаңыз.

  3. Балмұздақтың 70% су, 12% сары май, қалғаны қант. 3,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант кесек керек екенін табыңыз.

  4. Зауытта соңғы он күн ішінде өндірілген сүт өнімдерінің көлемі мынандай: 12,2 т; 12 т; 10 т; 11,6 т; 13 т; 12,5 т; 12,2 т; 13 т; 12,5 т; 10т. Осы сандық қатардың медиансы анықтаңыз.

  5. Самал, Назерке, Дана үш үйірмеге қатысады. Самал: «Мен фотоға да, биге де қатыспаймын», − дейді. Назерке: «Мен фотоға қатыспаймын», − дейді. Үшінші үйірме − домбыра. Кім қандай үйірмеге қатысатынын аныңтаңыз.

  6. Қаңтар айындағы сәбіздің бағасы 130 теңге. Ақпан айында сәбіздің бағасы қаңтар айына қарағанда 10%-ке қымбаттады, ал наурыз айында ақпан айындағы бағаға қарағанда 23 теңгеге арзан болды. Осы үш айдағы сәбіздің орташа бағасын (теңге) анықтаңыз.

  7. Сыныпта 18 ұл және 14 қыз бар. Сыныптан кезекшілікке 1 ұл және 1 қыз болатындай етіп, 2 адамды қанша тәсілмен алуға болатынын табыңыз.

  8. Мұғалім Әнелдің шығарған 100 есебінің әрбір дұрыс орындағаны үшін 5 ұпай қосты, ал қате орындағаны үшін 3 ұпай азайтты. Сонда Әнелдің жалпы ұпайы 124 болды. Әнел қанша есепті қате шығарғанын табыңыз.

  9. Заңдылықты анықтап, a + b қосындысының мәнін табыңыз.

  10. Үш ағайынды бала бірігіп ақша жинайтын сауытқа ай сайын 52 тг, 60 тг, 70 тг салып отырды. Жансейіттің бойы 1 метр, Шыңғыс одан 20% ұзын, ал Абылай Шыңғыстан 20% ұзын. Олар ақшаны бойларының ұзындығына сәйкес пропорционал етіп бөліп алуды ұйғарды. Ақшаны қандай қатынаста бөлу керектігін анықтаңыз.

  11. Екі дос паркте көше айрығында кезікті де, өзара перпендикуляр түзу жолмен ары қарай қозғалды. 20 минут өткеннен кейін олардың ара қашықтығы қанша болатынын табыңыз.

  12. Диаграммада сыныптағы оқушылардың би үйрімесіне, ән үйірмесіне, екі үйірмеге де қатысатын оқущылар саны кескінделген. Сыныпта барлығы қанша оқушы бар?

  13. Кестеде сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Кестедегі сұрақ белгісінің орнына тиісті сан.

  14. «Алатау» және «Самал» компаниялары бір мезгілде ашылған және бірдей өнім түрлерін шығарады. Сызбада осы компаниялардың соңғы жылдарда қандай көлемде өнім шығарып отырғандықтары бейнеленген. «Алатау» компаниясы 8-ші жылда шығарған өнім санын «Самал» компаниясы нешінші жылы өндіре алғандығын табыңыз.

  15. Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, қанша жанармай жұмсалғанын табыңыз.

     

Қате туралы хабарландыру