Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-нұсқа



Сұрақтар
  1. Қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарының кейбіреуі \(\bigtriangledown;\;\Diamond\) белгілерімен алмастырылған. Сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз.

    \(5\Diamond2\bigtriangledown13=12\)

    \(15\bigtriangledown3\Diamond2=6\)

    \(7\Diamond2\bigtriangledown3\Diamond3=?\)

  2. Елдос S км жолды 5 сағатта, ал Ержан сол S км жолды 4 сағатта жүріп өтеді. Ержан Елдосқа қарағанда неше есе жылдам жүргенін анықтаңыз.

  3. Кестеде таңғы сағат 10.00-де биіктіктері әртүрлі төрт бұтаның көлеңкесінің ұзындықтары көрсетілген. Осы уақыттағы 50 см бұтаның көлеңкесінің ұзындығын табыңыз.

     

  4. Жәшікке 150 бірдей детальдар салынған, алынған кезде кез келген детальдің жарамсыз болуының ықтималдығын 0,02-ге тең. Жәшікте қанша жарамсыз детаоль бар.

  5. Үш учаскеден 882 ц бидай өнімі алынды. Бірінші учаскеден алынған өнімнің екінші учаскеден алынған өнімге қатынасы 5:9 қатынасындай. Ал үшінші учаскеден алынған өнім бірінші учаскеден алынған өнімнен 40%-ке артық. Осы үш учаскеден алынған өнімдердің медианасын табыңыз.

  6. y = [x] − x функциясының \(x_0\)= 4,7 нүктесіндегі мәнін табыңыз. Мұндағы [x] ол x-тен артық емес ең үлкен бүтін сан

  7. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болады. Пойызда неше вагон бар?

  8. Кестеде Арунаның бір апта ішіндегі тамаққа жұмсайтын ақшасы көрсетілген. Егер Арунаға ағасы 6000 тг берген болса, ол ағасының ақшасын 4 аптаға жеткізе ала ма?

     

  9. Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз.

  10. Бір ыдыстың 60%-ын теңіз суымен, қалғанының 75%-ын құдықтың суымен толтырды. Ыдыстың неше пайызы бос қалды?

  11. Тас жолға жалпақтығы 0,1 м ұзындығы 8 км екі қатар ақ жолақты бояуға қанша ақ бояу қажет екенін табыңыз (1 м²-қа 500 г ақ бояу кетеді)

  12. Бірінші жәшікте 72 кг алма бар, екінші жәшіктегі алма бірінші жәшіктегі алманың \(\frac{5}{18}\)-ін, ал үшінші жәшіктегі алма алғашқы екі жәшіктегі алмалардың қосындысының \(\frac14\)-ін құраса, онда үш жәшіктегі барлық алмалардың салмағын табыңыз.

  13. Дархан өлшемдері 8 см және 12 см болатын тік төртбұрыш тәрізді қағазды бірдей алты квадратқа бөлді. Пайда болған бір квадраттың периметрін табыңыз.

  14. Шыңғыс 3 км арақашықтықты жүгіріп, үзіліс жасап, кері жүгіріп келгендегі қозғалыс графигі берілген. Графикті пайдаланып ең жылдам қандай уақыт аралығында жүгіргенін анықтаңыз.

  15. Шаруашылық бірлестігінде әрбір 30 бас малдың 12-і жылқы. Жалпы мал басы 220. Әрбір 11 жылқы 15 га  жайылымдық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігінде барлық жылқы қанша гектар жердің шөбін жейтінін табыңыз.

Қате туралы хабарландыру