
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-нұсқа
-
Санжар су температурасының төмендеуін әрбір 5°С сайын жазып отырды да, келесі кестені құрды. Судың температурасы 90°С-тан 80°С-қа дейін төмендеу үшін қанша уақыт керек екенін табыңыз
-
Нұрәлиде 750 тг ақша, ал Мадиде 600 тг ақша бар еді. Нұрәли Мадиге қарағанда ойынға 2 есе көп ақша жұмсағанда, Нұрәлиде Мадиге қарағанда 2 есе аз ақша қалды. Олар ойынға барлығы қанша ақша жұмсағанын табыңыз
-
Төмендегі графикте бір күннің ауа температурасының өзгерісі көрсетілген. Ауа температурасының арифметикалық ортасын табыңыз
-
Диаграммада Арманның нысананы көздеп ату жарысынан жинаған ұпайлар саны кескінделген. Ұпайлар санының модасын табыңыз
-
Би үйірмесіне қатысатын балалардың 27-сі ұлдар. Әр апта сайын 2 ұл, 4 қыз келіп қосылып отырса, 3 аптадан кейін қыздар мен ұлдардың саны бірдей болады. Бастапқыда би үйірмесінде қанша қыз болғанын табыңыз
-
Айнұр 4, 5, 6, 7, 8 цифрларын қайталамай, бес таңбалы сандар құрастырды. Осы сандар арасында соңы 57 санымен аяқталмайтын қанша сан бар екенін табыңыз
-
Диаграммада математика пәнінен бақылау жұмысында сынып оқушыларының алған бағалары берілген. Диаграммадағы мәліметтерді пайдаланып, оқушылардың қанша проценті «4» пен «5» деген баға алғанын анықтаңыз
-
Кестеде Ақкөл ауылындағы барлық (№1, №2, №3) мектептердің төрт жылдағы мектеп бітіруші оқушылардың саны көрсетілген. Кестені пайдаланып, төмендегі тұжырымдардың қайсысы ақиқат екенін табыңыз
-
Кестеде 8-ші сынып оқушылары үшін ұзындықтан секіру нормативі келтірілген. 191 см-ге секірген ұл бала қандай баға алғанын табыңыз
-
Қала тұрғындарынан әкімшілікке келіп түскен өтініштердің соңғы төрт күндегі сандары берілген. Алғашқы екі күнде келіп түскен өтініштер саны соңғы екі күндегі келіп түскен өтініштер санынан қанша артық екендігін табыңыз
-
Төрт мысықты барлық мүмкін әдістермен екі-екіден өлшегенде салмақтары 7 кг, 9 кг, 11 кг, 6 кг, 8 кг және 10 кг болды. Төрт мысықтың салмақтарының қосындысын табыңыз
-
Қабырғалары жай сандар және периметрі 16-ға тең тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз
-
1; 2; 3; ... ; 21 сандар тізбегінен барлық жұп сандар, сонымен қатар 5-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тастады. Сызылмаған сандар санын табыңыз
-
Егер a – b = 4 болса, онда 2(a – 3b) + 3a + b өрнегі мәнінің 2%-ін анықтаңыз
-
8 оқушының ішінен құрамында 2 оқушыдан болатын неше топ құруға болады?