
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
7-нұсқа
-
\({3^2}^0\) мәнін табыңыз
-
Бағдаршамда қызыл шам 25 секунд, сары шам 5 секунд және жасыл шам 40 секунд жанады. Әсел бағдаршамға келгенде қызыл жанып тұрмау ықтималдығын анықтаңыз.
-
Ербол, Дәурен, Диас сәйкесінше 2, 3 және 5 күн сайын бассейнге барады. Олар бүгін бассейнге бірге барса, үшеуі неше күннен кейін бірге бассейнде кездеседі?
-
Қорапта 5 ақ, 13 қара шар бар. Қораптың ішіне қарамастан бір ақ және бір қара шар шығарғанына нақты сенімді болуы үшін, қораптан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіз
-
Саяхатшы барлық жолдың жартысын ұшақпен, қалған жолдың жартысын пойызбен, одан қалған жолдың жартысын машинамен жүріп өткеннен кейін тағы 35 км жол жүрді. Ол барлығы неше км жол жүргенін анықтаңыз.
-
Ойын сүйегін лақтыру кезінде 4-тен артық ұпай түспеуінің ықтималдығын табыңыз.
-
\(42^{42}\) саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз
-
Тауар тасымалдаушы дүкенге төмендегідей тауарлар жеткізді. Жеткізіп беру бағасы 10% болса, дүкеншінің беруге тиісті ақшасын табыңыз.
Тауарлар Салмағы Бағасы 1 кг Картоп 5 кг 100 тг Сәбіз 3,5 кг 120 тг Қызылша 4 кг 90 тг -
Жәшікте 1-ден 20-ға дейін нөмірленген 20 бірдей шар салынған. Кездейсоқ алынған шардың нөмірі 4-ке еселі сан болу ықтималдығын табыңыз.
-
1, 5, 2, 0, 3 сандарын қолданып цифрлары әртүрлі болатын үш таңбалы сандардың санын табыңыз.
-
Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады?
-
Отбасында барлығы үш бала бар. Кенже екі ұл егіз. Балалардың жастарының өзгеріс ауқымы екі жас, ал қосындысы 23 жас болса, кенже ұлдарының жасын табыңыз.
-
Берілген заңдылықты пайдаланып сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз
Бес + он = 5
Бір + төрт = 7
Үш + он = 4
Сегіз + алты = ?
-
Фигурадағы үшбұрыштар санын анықтаңыз.
-
Төмендегі фигураның неше пайызы боялғанын табыңыз.
-
Суретте теңқабырғалы үшбұрыш және екі биіктігі берілген. Егер үшбұрыштың боялған бөлігінің ауданы \(15 \: см^2\) болса, үшбұрыштың ауданын табыңыз.
-
Егер боялған бөліктің ауданы \(16\: см^2\) болса, дөңгелектің ауданын табыңыз. \((\pi≈3).\)
-
Суреттегі фигураның боялған бөліктерінің ауданы \(9\: см^2\) болса, онда берілген фигураның ауданын табыңыз.
-
Бір метр матаның алғашқы бағасы 800 теңге. Матаның бағасы бірінші рет 10%-ға екінші ретте соңғы бағасы 20%-ға арзандады. 5 метр мата соңғы бағамен қанша тұратынын табыңыз
-
Боялған фигураның ауданын табыңыз