Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

8-нұсқа



Сұрақтар
  1. \(a-b=3\) және \(a^2-b^2=27\) болса, \(a\) мен \(b\) мәні

  2. Егер \(2008\)-ге \(\frac{2008}{100}\) санын қоссақ, қандай сан шығатынын табыңыз

  3. Егер А = {х, а, н, ш, а, т, ы, р} және В = {б, ә, й, т, е, р, е, к} болса, онда \(A\: \cap \: B\) көрсетіңіз:

  4. Сұрақ белгісінің орнына қай сан тұратынын табыңыз.

     

  5. Шаршы тәрізді жер телімін дихан ағаш қорғанымен қоршады. Жер телімінің ауданы \(64\: м^2\). Егер бір ағаш қорғанының ұзындығы 2 м болса, қоршау жасау үшін неше дана ағаш қорғаны қажет болғанын табыңыз. 

  6. Бір рет лақтырылған тиынның "елтаңба" жағымен түсу ықтималдығын табыңыз.

  7. Егер \(x^2-10=0\) теңдеуінің түбірлері абсцисса осіндегі кесіндінің ұштарындағы нүктелердің мәні болса, онда осы нүктелердің арасында неше бүтін сан бар екенін табыңыз

  8. Наубайшы 100 кг ұнды 10 күнде тауысты. Ол осы 10 күн ішінде әр күн сайын әртүрлі килограмм (өсу ретімен және килограмм өлшемі тақ сан) ұннан нан пісіріп отырды. Ең соңғы күні неше килограмм ұннан нан пісіргенін анықтаңыз

  9. 1 килограмы a тг-ден 4 кг пияздың, 1 килограмы b тг-ден 3 кг сәбіз және 1 килограмы c тг-ден 2 кг картоптыың құны неше теңге болса, 5 кг капустаның құны сонша теңге. 1 килограмм капуста бағасының әріпті өрнек түрі:

  10. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.

     

  11. \(5x+y-3=0\) формуласымен берілген түзу графигі қай ширектерде жататынын табыңыз

  12. \(18;30;36;48;54;?;72....\) сан тізбегіндегі сұрақ белгісінің орнына қай сан сәйкес келетінін анықтаңыз. 

  13. Суретте көрсетілген сандық сәуледегі \(2\sqrt3\)-ке сәйкес келетін нүктені табыңыз.

     

  14. Футбол командасындағы 11 ойыншының орта жасы 22-де. Ойын кезінде 1 ойыншы ойыннан шығып қалғаннан кейін, қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Ойыннан шыққан ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз

  15. Ойын сүйегі лақтырылды. 3-тен кем емес санның түсу ықтималдығын анықтаңыз. (Ойын сүйегі: 1-ден 6-ға дейінгі сандармен белгіленген кубик).

  16. Төмендегі кестеде әр қаладағы көкөністердің 1 кг-ның бағасы теңге есебімен көрсетілген. Егер 3 кг картоп, 1 кг сәбіз, 2 кг қырыққабат және 2 кг пияз алынған болса, онда ең көп ақша жұмысайтын қай қаланың тұрғыны екенін анықтаңыз,

     

    Қала/көкөніс картоп сәбіз қырыққабат пияз
    Астана 130 105 100 110
    Алматы 120 95 110 100
    Павлодар 120 100 110 100
    Семей 110 90 100 110
    Шымкент 105 95 100 100
  17. Егер дөңгелектің боялған бөлігінің ауданы \(81\: см^2\) болса, шаршының ауданын табыңыз (\(\pi≈3\))

     

  18. 5 үздік оқушының үшеуіне ғана әр түрлі үш жолдама келді. Жолдамаларды неше тәсілмен оларға бөліп беруге болатынын анықтаңыз

  19. Шаршы тең бөліктерге бөлінген. Боялған бөлігінің ауданы 4-ке тең болса, үлкен шаршының ауданын табыңыз. 

     

  20. Төрт қауынды екі-екіден өлшегенде массалары 11 кг, 9 кг, 13 кг, 14 кг, 18 кг және 16 кг болды. Барлық қауындардың массасын табыңыз. 

Қате туралы хабарландыру