
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
18-нұсқа
-
Бексұлтан 3 литр ақ, 4 литр қызыл және 2 литр көк түсті бояуларды араластырды. Бастапқы ақ бояу мөлшерінің жаңадан шыққан бояу мөлшеріне қатынасын анықтаңыз.
-
Фигурадағы үшбұрыштар санын анықтаңыз.
-
Суретте берілген фигураның ауданын табу формуласын жазыңыз.
-
Егер a→b=2a+1b болса, (5→13)→14=?
(« → » – белгі қандай да бір логикалық амалды білдіреді).
-
D = 11^6 – 6^5 өрнегін 5-ке бөлгенде қалдық қандай болатынын табыңыз.
-
Бақта бір-бірінен 6 м қашықтықта 15 алма ағашы қатар орналасқан. Жетінші алма ағашы мен он екінші алма ағашының арасы неше метр екенін анықтаңыз.
-
Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушылар толық төрт қатарға сапқа тұрғызылды. Бірінші қатарда тұрған Асқар осы қатарда өзінің алдынан санағанда бесінші, ал артынан санағанда төртінші тұрғанын білді. Сыныпта неше оқушы бар екенін табыңыз.
-
30 санын неше тәсілмен екі жұп натурал санның қосындысы түрінде өрнектеуге болатынын табыңыз.
-
Ойын сүйегін лақтырғанда 1-ден 6-ға дейінгі цифрлар түседі, жұп санның түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Есептеңіз: 10!–9!
-
Жанып тұрған шырақтың ұзындығы 14 см. Әрбір сағат сайын оның ұзындығы 2 см-ге кемиді. Шырақ ұзындығының жану уақытына тәуелділік формуласын табыңыз.
-
Жанармай құю бекетіне бірінен кейін бірі мерседес, ниссан, мерседес, ниссан (тек қана осы маркалы көліктер ғана) және әрі қарай осы ретпен көліктер кезекте тұр. Мерседестің ұзындығы 4 м, ал ниссанның ұзындығы 3 м және әрбір көліктің арасы 1,5 м. Егер көліктер саны 7 болса, онда кезектің ұзындығы (бірінші көліктің алдынан бастап, соңғы көліктің артына дейін) неше метр екенін табыңыз
-
9^{1008}=p болса, онда 3^{2018}=?
-
Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінің жасынан 2 есе артық болатынын табыңыз.
-
Шеңбер бойына алты нүкте орналастырылған. Осы нүктелер төбесі болатын неше үшбұрыш сызуға болады?
-
Қала ішіндегі жеңіл көлік жылдамдығының уақыт аралығындағы өзгерістері кестемен көрсетілген. Егер жеңіл көлік кестедегі уақыт аралығын көрсетілген жылдамдықпен тұрақты жүріп отырса (мысалы 3-ші минутта 45 км/сағ), 1-ші және 9-шы минутта жүрген жолдардың қосындысын анықтаңыз
Уақыт 1 мин 2 мин 3 мин 4 мин 5 мин 6 мин 7 мин 8 мин 9 мин 10 мин Жылдамдық, км/сағ 30 40 45 60 70 75 85 100 90 95 -
Қабырғасының ұзындығы 10 см-ге тең JKLM шаршысы аудандары бірдей бес бөлікке суреттегідей бөлінген. Q мен R нүктелерінің арақашықтығын табыңыз
-
Суреттегі дөңгелектің ауданын табыңыз. (\pi≈3)
-
Мұғалім оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып 1-ден 36-ға дейін нөмірледі. Нөмірі 5-ші оқушыға қарама-қарсы отырған оқушының нөмірін табыңыз.
-
Электроника дүкенінде 35 апта бойы сатқан тауарлар көлемінің кестесі бойынша тауар санының арифметикалық ортасын табыңыз.
Бір аптада сатылған тауарлар саны 11 12 14 16 18 Апта саны 10 7 3 8 7