Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

17-нұсқа



Сұрақтар
  1. Суретте неше үшбұрыш бар?

     

     

  2. Жолаушының жылдамдығы кескінделген графикке қарап қате тұжырымды көрсетіңіз. 

     

     

  3. Екі бала бөренені екі бөлікке бөлгенде 4 минут уақыт жұмсайды. 6 м бөренені бір метрлік шөркелерге бөлетін уақытты табыңыз.

  4. Қалтада 9 көк, 5 қызыл және 2 сары шар бар. Қалтаның ішіне қарамастан 4 көк шар шығарғанына нақты сенімді болу үшін, қалтадан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіз

  5. Сұрақ белгісінің орнына қай сан тұратынын табыңыз. 

     

  6. Берілген санға 10-ды қосқанда бір санның кубы шығады, ал 10-ды азайтқанда бір санның квадраты болады. Берілген санды анықтаңыз

  7. Екі санның арифметикалық ортасы 13-ке тең. Егер сандардың бірі 19-ға тең болса, екіншісі неге тең екенін табыңыз

  8. Поезд 4 сағат ішінде 336 км жүрді, ал автобус 3 сағат ішінде 126 км жол жүрді. Автобустың жылдамдығы поездың жылдамдығынан неше есе кем екенін табыңыз

  9. "Актив-7" тарифымен барлық операторларға қоңырау соғу минутына 7 теңге. Ал, "Керемет" тарифымен қоңырау соғу желі ішінде 0 теңге, басқа операторларға минутына 20 теңге. Ардадқ "Актив-7" тарифымен, ал Заңғар "Керемет" тарифімен достарына қоңырау соғады. Бір сағат өткен соң екеуінің де бірлік ақшалары бірдей мөлшерге азайғаны белгілі болса, Заңғардың басқа оператормен сөйлескен уақытын анықтаңыз.

  10. Мұғалім оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып 1-ден 18-ге дейін нөмірледі. Нөмірі 4-ші оқушыға дәл қарсы отырған оқушының нөмірін табыңыз (оқушылар бір-біріне бірдей қашықтықта отырғызылды).

  11. Егер А-санының 20%-ы 48-ге тең болса, осы A-санының \(\frac15\) бөлігін табыңыз. 

  12. Қорапта 5 қызыл, 8 жасыл, 13 көк және 17 сары шар бар. Қораптың ішіне қарамастан бір сары шар шығарғанына нақты сенімді болу үшін, қораптан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіз

  13. Дөңгелек диаграммадағы 15% пайызбен көрсетілген сектордың бұрыштық шамасын табыңыз. 

     

  14. Берілген суреттегі мәліметтер бойынша штрихталған тікбұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің ұзындығы \((\pi=3,14)\)

     

     

  15. Шарлар тізбесін дайындау үшін көк, сары, қызы, жасыл және күлгін түсті 5 шар әкелінді. Осы шарлардан қатарластырылып тізілген тізбені неше нұсқада дайындауға болатынын табыңыз

  16. ABC үшбұрышының ауданын табыңыз, мұндағы 1 шаршының ауданы 1-ге тең.

     

     

  17. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 50. Қызылдан басқа шарлар саны 35, жасылдан басқа шарлар саны 40, көктен басқа шарлар саны 37. Осы шарлардың ішінен кездейсоқ алынған бір шардың сары және жасыл түсті болмау ықтималдығын табыңыз. 

  18. "ИНФОРМАТИКА" cөзіндегі әріптерден құралған жиынның элементтер санын табыңыз.

  19. X-ті Y-ке бөлгенде және (X + 24)-ті Z-ке бөлгенде екеуінде де 24 шығады. Z-ті Y арқылы өрнектеңіз.

  20. 20-дан аспайтын кез-келген натурал санының 3-ке еселік болу ықтималдығын табыңыз. 

Қате туралы хабарландыру