
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
16-нұсқа
-
\(\overline{5aa6}\) төртаңбалы саны 9-ға бөлінеді. a әрпінің орнына қойылатын цифрды табыңыз.
-
Төмендегі диаграммада Асанның тамақ ішуінің пайыздық мөлшері кескінделген. Егер түскі асқа 1 сағ 30 мин уақыт жұмсайтын болса, таңғы асты кешкі асқа қарағанда қанша уақытта тез бітіретіні табыңыз.
-
Төмендегі фигурада берілген сандардың медианасын табыңыз
-
Суреттегі сұрақ белгісінің орнына қойылатын санды табыңыз.
-
Егер \(\frac{c}{d}=\frac12\) болса, онда \(\frac{2cd – c^2}{d^2+2cd}\) саны қаншаға тең болатынын көрсетіңіз
-
Графикке сәйкес автокөлік Қазығұрт асуының төбесіне жету үшін қанша уақыт жоғары қарай жүргенін табыңыз
-
Егер \(\frac{(x^2–x+2)(x–1)}{2x^2+1}=0\) болса, онда \(x^3+x^{33}+x^{333}+x^{3333}\) өрнегінің мәнін табыңыз.
-
Екі санның қосындысы \(16\frac23\), бірі екіншісінен 9 есе үлкен. Бұл қандай сандар екенін табыңыз
-
Кіші шеңберлердің радиустары 5-ке тең болса, үлкен шеңбердің ұзындығын анықтаңыз.
-
Суретте (тігінен сатылған данасы, көлденеңінен жылдар) бір автомобиль маркасының 2011 – 2014 жылдардағы сатылу көрсеткіші көрсетілген. Сатылу данасының өзгеріс ауқымын табыңыз.
-
Бөлмедегі тіктөртбұрыш пішінді бір теледидардың бетінің ұзындығы мен ені 80 см және 60 см-ге тең. Сол теледидарға ұқсас пішінді екінші теледидардың диагоналі 50 см болса, екінші теледидардың ауданы неге тең?
-
Шардың бағасы 45 тг. Самалда 20 теңгелі монеталар ғана бар. Егер кассирде қайтаратын ақша болмаса, Самал кем дегенде неше шар сатып ала алатындығын табыңыз
-
\((8\cdot 8-8)\cdot(8 \cdot 8 - 8 \triangledown8)= 3528\) теңдігінде \(\triangledown\) белгісімен қандай арифметикалық амал белгіленгенін табыңыз
-
Цифрларының көбейтіндісінің екі еселегеніне тең сан:
-
ABCD шаршысының периметрі 64 болса, оған іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.
-
15 + 12 · 13 + 11 · 12 · 13 · 14 · ... · 99 өрнегі мәнінің соңғы цифрын табыңыз.
-
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрышының шамасы 150°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңыз.
-
2; 8; 7; 10; 40; 39; 42; 168; 167; ? ... тізбектегі сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды анқытаңыз.
-
2, 3, 4, 5, 6 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы неше сан жазуға болатындығын табыңыз
-
Графикте Жерден жоғары лақтырылған дене биіктігінің өзгерісі берілген. Тігінен биіктіктің (метр) мәні, көлденеңінен уақыттың (секунд) мәндері берілген. Лақтырылған соң 4-ше секундтағы дене биіктігін анықтаңыз.