Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

1-нұсқа



Сұрақтар
  1. Боялған бөліктің ауданы \(13\)  \(см^2\) болса тік төртбұрыштың ауданын табыңыз. 

     

  2. Берілген сурет бойынша \(\frac{(a+b)– (c–d)+23}{e}\) өрнегінің мәнін табыңыз.

     

  3. Самат пен Алтынай бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Саматтың неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Алтынайдың ағалары сіңлілерінен 3 есе артық. Отбасында неше бала бар екенін анықтаңыз

  4. \(9^{1008}=p \) болса, онда \(3^{2016}=?\)

  5. Бір бактерия секундына екі есе көбейеді. Бірінші секундта бір бактерия, екінші секундта екі бактерия, үшінші секундта төрт, төртінші секундта сегіз, ... тағы сол сияқты жалғаса береді. Бір минутта бактериялар бір банканы толтырса, сол банканың жартысын қанша уақытта толтырады?

  6. 1000 теңгелікті 100 және 50 теңгелік ақшалардың екеуін де қолданып, қанша тәсілмен ұсақтауға болатынын табыңыз.

  7. 16 асықты тең екі бөлікке бөлді, пайда болған бөліктердің әрқайсысын тағы екі бөлікке бөлді. Осылай әр бөлікте бір асық қалғанша бөлуді жалғастырғанда, бөлудің қанша рет орындалатынын табыңыз.

  8. X-тің орнында қандай сан болатынын табыңыз

     

     

  9. Төмендегі суретте неше тік төртбұрыш барын анықтаңыз.

     

  10. Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған (ойыншық) фигуралардың жалпы бағасы берілген. Мысал, төрт жұлдызшаның бағасы 32 теңге. Олай болса, тігінен бірінші бағанадағы фигуралардың бағасы қанша теңгеге тең болатынын көрсетіңіз

     

     

  11. Ені 3 м, ұзндығы 5 м еденді сырлау үшін, қанша сыр кететінін табыңыз (\(1 \:м^3\) үшін 200 г сыр кетеді)

  12. Спорт залда ұзын орындықтар болды. Әр орындыққа 2 бала отырса, 7 оқушыға орын жетіспейді. Ал, егер әр орындыққа 3 оқушы отыратын болса, 5 орындық бос қалады. Балалар мен орындықтардың сандарының қосындысын табыңыз.

  13. Бір торкөздің өлшемі 1 см x 1 см болатын торкөзді бетке сызылған төртбұрыштың периметрін табыңыз.

     

     

  14. Егер c – 1 және c + 1 сандары жай сандар болса, онда с санын ерекше сан деп атайық. Мәні 35-тен аспайтын ерекше сандардың қосындысын табыңыз.

  15. Орамдағы матаны 20 метрден немесе 16 метрден қалдықсыз сату үшін осы орамда аз дегенде қанша метр мата болу керек екенін табыңыз

  16. Қалтада 9 көк, 5 қызыл және 2 сары шар бар. Қалтаның ішіне қарамастан 2 қызыл шар шығарғанына нақты сенімді болу үшін, қалтадан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіз

  17. 0; 2; 6; 12; 20; 30; ? тізбектің заңдылығына байланысты келесі мүшесін анықтаңыз:

  18. Нүктелі қағаз бетіндегі шаршының ауданы \(1\: см^2\) болса, онда боялған бөліктің ауданын табыңыз.

     

  19. Қыры 30 см текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Оған қанша литр су құйылғанын анықтаңыз

  20. Бес оқушының оқу жылында босатқан сабақтар санына талдау жасалынды. Бірінші оқушы – 7, екіншісі – 12, үшіншісі – 10, төртіншісі – 9  сабақты босатқан және бес оқушының босатқан сабақтар санының арифметикалық ортасы 8-ге тең болса, онда бесінші оқушының босатқан сабақтар санын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру