
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
2-нұсқа
-
Жаңа логикалық амал \(a \nu b = \frac{a^2+b^2}{2ab}\) түрінде берілген болса, онда \(8 \nu 6\) мәнін есептеңіз.
-
Егер сандар белгілі бір тәртіппен орналастырылған болса, сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылуы керектігін табыңыз
\(\frac{17}3; \frac{23}6;\frac{29}{12}; \frac{35}{24};?\)
-
Суретте ауа температурасының бір тәулік ішіндегі өзгерісі берілген. Уақыттың қандай мезетінде ауа температурасы бірқалыпты болғанын табыңыз
-
Ойын сүйегі лақтырылғанда 1-ден 6-ға дейінгі цифрлар түседі, жұп санның түсу ықтималдығын табыңыз.
-
Оқушының бір ай бойы математика пәнінен алған бағалары берілген: 5; 4; 5; 5; 3; 4; 5; 5; 4. Оқушы бағаларының арифметикалық ортасының жүздік үлеске дейінгі жуық мәнін және модасын табыңыз.
-
Егер \(125^{\frac13}=a, \sqrt{196}=b\) және \(\sqrt[4]{16=c}\) болса, онда \(a\cdot b\cdot c–(a+b+c)\) өрнегінің мәнін табыңыз.
-
Марат екі жылға 300 мың теңге несие алды. Банктің бір жылдық сыйақы пайызы 16% болса, айлық төлемін табыңыз.
-
Суреттегі ұяшықтар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Бос ұяшықтағы санды табыңыз.
-
Шаңғыны жалға алу ересектер үшін сағатына 900 тг, ал балалар үшін сағатына 300 тг. 5000 тг төлеп әкесі мен баласы шаңғыларды жалға алса, олар қанша уақыт шаңғы тебетінін анықтаңыз.
-
x-ті табыңыз.
-
Ойын сүйегі 6 рет лақтырылғанда 6 түрлі сан түсті. Олардың қосындысын 3-ке бөлгенде шығатын бөліндінің мәнін табыңыз. (Ойын сүйегі: жақтары 1-ден 6-ға дейін нөмірленген кубик)
-
Екі санның қосындысы \(\sqrt{10}\) , ал айырмасы \(\sqrt6\) . Осы екі санның көбейтіндісін табыңыз.
-
Волейбол секциясына баратын оқушылардың орташа жасы 11. Капитан 17 жаста, ал қалғандарының орташа жасы 10. Секцияда қанша оқушы бар екенін табыңыз.
-
Суретте берілген алтыбұрыш өзара тең дұрыс үшбұрыштарға бөлінген. Егер бір бөліктің периметрі 15 см болса, үлкен алтыбұрыштың периметрін табыңыз.
-
Кестеде сынып оқушыларына жүргізілген бақылау жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берілген. Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс болатынын анықтаңыз
Ер бала Қыз бала Бағалары 2 3 4 5 2 3 4 5 Саны 2 6 5 2 1 3 6 1 -
Тіктөртбұрыштың ені 4 см. Оның ауданы қабырғасы 6 см болатын квадраттың ауданымен тең. Тіктөрбұрыштың ұзындығы енінен қаншаға ұзын екенін табыңыз.
-
16! + 17! саны неше нөлмен аяқталатынын табыңыз.
-
Ағасы қарындасының бірінші туған күніне 1 қуыршақ, келесі туған күніне алдыңғы туған күнінен 2 есе көп құуыршақ сыйлап отырды. Қарындасы алты жасқа толғанда неше қуыршақ сыйлайтынын табыңыз
-
Егер ойын сүйегі мен тиынды лақтырса, тиынның елтаңба жағының және ойын сүйегіндегі 4 санының түсу ықтималдығын анықтаңыз
-
Теруші 15 бетті компьютерде 8 күнде теріп бітіреді. 405 бетті 9 күнде теріп бітіру үшін қанша теруші қажет болатынын табыңыз