Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Бір қатарда Айгүлдің артында 36 адам тұр. Раушан Айгүлдің артында 23 адамнан кейін тұр. Егер Раушанның алдында барлығы 51 адам бар болса, онда қатардағы адам саны қанша?

  2. Теледидардың 15%-ға арзандатылғаннан кейін бағасы 127500 теңге болды. Теледидардың арзандатылғанға дейінгі бағасын табыңыз

  3. \({3^2}^3\) мәнін табыңыз

  4. Есептеңіз: \(\frac{11!\:–\:10!}{9!}\)

  5. Суреттегі сыртында тұрған шаршының қабырғасының ұзындығы ішінде орналасқан шаршының қабырғасының ұзындығынан қаншаға артық?

  6. Бір нан және бір қорап шайдың салмағы бір нан мен бір қорап конфеттің салмағынан көп. Мағынасы дұрыс жауапты таңдаңыз.

  7. Әкесі 31 жаста болғанда баласы 8 жаста болды. Қазіргі кездегі әкесінің жасы баласының жасынан екі есе үлкен болса, баласының жасын табыңыз. 

  8. Сыныпта 27 оқушы бар. Нұрәділдің аты -жөні сынып тізімінің дәл ортасында жазылған. Нұрәділдің тізімдегі нөмірі қандай екенін табыңыз

  9. Торкөздің ішіндегі сандар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, сол тәртіпті ескеріп, «?» орнына қойылатын санды табыңыз. 

     

    3 2 5 6
    4 3 7 12
    6 5 ? 30
    7 4 11 28

     

  10. Бітіру емтиханы үшін тарих пәнінен 25 билет дайындалған. Оқушының кездейсоқ алған билетінің бір таңбалы сан болу ықтималдығын табыңыз. 

  11. Қандай да бір санды 27-ге бөлгенде толымсыз бөлінді 18-ге, ал қалдық 23-ке тең болатынын табыңыз

  12. Қорапта 20 шар бар, оның 9-ы қызыл, 6-ы көк және 5-і жасыл. Жәшіктен алынған кез-келген шардың жасыл болмауының ықтималдығын табыңыз.

     

  13. Суретте велосипедшінің қозғалыс графигі берілген. Велосипедшінің жылдамдығын табыңыз.

     

  14. Екі ойын сүйегі лақтырылған. Түскен сандардың қосындысы 7 болу ықтималдығын табыңыз

  15. Орамал тігу үшін \(l\) метр мата алынды. Әрбір орамалға 0,9 метр мата жұмсалса, \(n \) орамал тікеннен кейін, матаның \(m\) метрі артылып қалды. \(l=50\: м,\: n=40\) болса, қанша мата артық қалғанын табыңыз

  16. Кестеде Қазақстанның үш қаласындағы кейбір тағам өнімдерінің бағасы (тг) көрсетілген. 

     

    Тағам атаулары Астана Өскемен Қызылорда
    Сүт (1 литр) 250 190 210

    Күнбағыс майы (1 литр)

    300 350 280
    Қант (1 кг) 170 150 180
    Жұмыртқа (10 дана) 210 200 200

     

    Бұл қалалардың әрқайсысынан төмендегідей өнімдер жиынтығы сатып алынды. 2 литр сүт, 2 литр күнбағыс майы, 1 кг қант және 20 дана жұмыртқа. Ең аз төленген ақша мөлшерін табыңыз.

  17. Бір қаладан бір уақытта солтүстік және батыс бағытында екі ұшақ ұшып шықты. Олардың жылдамдықтары сәйкесінше 600 км/сағ және 800 км/сағ. 1 сағаттан кейін екі ұшақтың ара қашықтығы қанша километр болатынын табыңыз

  18. Үй мен мектептің арасы 1050 м. Ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғандықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 600 адым кем аттайды. Інісі мектепке дейін неше адым аттайтынын анықтаңыз. 

  19. Көлемі \(27\: м^3\) болатын ағаш текшенің сыртын сары түске бояды да, оны көлемі \(1\: м^3\) текшелерге бөліп қойды. Сонда, тек үш жағы ғана сары түсті болатын текшелердің көлемдерінің қосындысы қанша болатынын анықтаңыз

  20. Егер \(\Delta\) және \(\otimes\) белгілері арифметикалық амалдар болса, сұрақ белгісінің орнында қандай сан болуы керек?

    \((6\otimes 3)\Delta5=10\\(8\Delta3)\otimes4=6\\(6\otimes2)\Delta7=21\\(7\Delta4)\otimes2=?\)

Қате туралы хабарландыру