iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жұмыс және еңбек өнімділігіне арналған есептер
-
Екі кран бірлесіп баржанын жүгін 6 сағатта түсіреді, егер әр кран жеке жұмыс істегенде, біріншісі екіншісінен 5 сағат бұрын түсіретін болса, онда әр кран баржаны қанша уақытта түсіреді?
-
Жұмыс күні 8 сағаттан 7 сағатқа азайтылды. Бұрынғы жалақы 5%–ке өсу үшін еңбек өнімділігін неше процентке көтеру керек?
-
Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағ-та, екіншісі 5 сағ-та, үшіншісі 4 сағ-та орындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге жұмыс істеп 740 тетік дайындады. Әрқайсысы қанша тетік әзірледі?
-
Гаражда 54 жүргізуші бар. Егер әр күні гараждағы 60 машинаның 25%-і жұмысқа шықпай қалса, онда бір айда (30күн) әр жүргізушінің неше бос күні болады?
-
Екі жұмысшы бір сменада 72 тетік дайындайды. Біріншісі еңбек өнімділігін 15% -ке, екіншісі 25% -ке арттырғаннан кейін бір сменада 86 тетік жасайтын болады. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін әрқайсысы бір сменада қанша тетік жасайтын болды?
-
Ағаш дайындау жұмысына үш топ қатысты. Бірінші топта барлық жұмысшылардың 36% бөлігі, ал екінші топта біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 адам үшінші топта еді. Үш топта барлығы қанша адам бар?
-
Берілген тапсырманы бірінші жұмысшы 3 сағ-та, ал екінші жұмысшы 6 сағ-та бітіреді. Бірлесе жұмыс істесе неше сағатта орындайды?
-
Екі құрбы бірлесіп бөлмені 6 сағатта жинайды. Егер әрқайсысы жеке жинаса, біріншісі екіншісінен 5 сағат бұрын жинап бітеді. Әр құрбы жеке-жеке істесе, бөлмені қанша сағатта жинай алатынын анықтаңыз.
-
Екі бала бірлесіп бақшаны 6 сағатта арамшөптен тазартады. Егер әрқайсысы жеке істесе, біріншісі екіншісінен 5 сағат ерте арамшөптен тазарта алады. Әр бала жеке-жеке істесе, бақшаны қанша сағатта арамшөптен тазарта алатынын табыңыз.
-
Жалғыз істесе, Шыңғыс жұмыстың \(80\%\)-ын \(5\) сағатта, ал Мәди жұмыстың \(3/4\)-ін \(6\) сағатта бітіре алады. Шыңғыс басында \(2\) сағат жұмысты жалғыз істеді, сосын оған сағат \(14^{\underline{15}}\)-те Мәди көмектесе бастады. Олар жұмысты қашан бітіреді?
-
8 сағаттық жұмысты 6 сағатта бітіріп, 20%-ке артық табыс табу үшін жұмысшы өз еңбегінің өнімділігін қанша пайызға (х) арттыру керек?