Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару

Конспект

Есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарғанда төмендегі алгоритмді қолдану керек:

  1. есептің шартын талдау;
  2. берілген шамаларды әріппен белгілеу;
  3. белгіленген әріптер арқылы берілген шаманы өрнектеу;
  4. теңдеулер жазу және олардан жүйе құру;
  5. жүйенің шешімін табу;
  6. жүйе шешімдерінің қайсысы есептің берілгенін қанағаттандыратынын зерттеу.


Сұрақтар
  1. Тік төртбұрыш периметрі 26 см, ал ауданы 36 см2. Қабырғалар ұзындығын табыңыз.

  2. Үш дәптер мен бес қаламсапқа 49 теңге төленді. Егер екі дәптер үш қаламсаптан 1 теңгеге қымбат болса, онда дәптер мен қаламсаптың жеке-жеке бағалары қанша?

  3. Бір сан екіншісінен 4-ке артық. Ал олардың квадраттарының айырмасы 56-ға тең. Осы сандарды табыңыз.

  4. Тік төртбұрыштың биіктігі оның табанының 75%-ін құрайды. Осы тік төртбұрыштың ауданы 48 м2 деп алып, периметрін табыңыз.

  5. Екі санның қосындысы 2490. Егер оның біреуінің 8,5%-і екіншісінің 6,5%-не тең болса, онда осы сандарды табыңыз.

  6. Екі қапта 140 кг ұн бар.Егер бірінші қаптан 12,5 % ұнды екіншісіне ауыстырып салса,онда екі қаптағы ұн бірдей болады. Әр қапта қанша кг ұн бар?

  7. Тік төртбұрыш формалы бақша сыммен қоршалған. Егер бақшаның ұзындығы оның енінен 15м-ге артық, ал ауданы 700м2 болса, сымның ұзындығы қанша?

  8. Ауданы 84 см2 тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз.

  9. Турбазадағы шатырлар мен үйлердің жалпы саны 25. Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 70 адам демалып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екендігін табыңыз.

  10. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5см, ал катеттерінің қосындысы 7см. Осы үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру