Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қозғалысқа арналған есептер

Конспект

Қозғалыс тақырыбында кездесетін шамалар:

Жылдамдық – v , уақыт – t, қашықтық – s.

\(v=\frac{S}{t}\ \ \ \ \ S=v\cdot t\ \ \ \ \ t=\frac{S}{v}\)

 



Сұрақтар
  1. Моторлы қайық ағыспен 18 км, ал ағысқа қарсы 14 км жол жүрді. Барлық жолға 3 сағ. 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10км/сағ. Ағыс жылдамдығын табыңыз.

  2. Өзен ағысының жылдамдығы 2,2 км/сағ ,катердің өз жылдамдығы 15,3 км/сағ. Егер өзен ағысымен 3 сағ, ал өзен ағысына қарсы 4 сағ жүрсе, онда катер қандай жол жүрген?

  3. Өзен ағысымен катер 3 сағат, ағысқа қарсы 4,5 сағат жол жүрді. Катер жылдамдығы 25 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай?

  4. Бір мезгілде А және В пунктерінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шыққан екі велосипедші 2 сағ-тан кейін жолықты. А-дан В-ге дейінгі қашықтық 42 км-ге тең. Егер бірінші велосипедші сағатына екіншісіне қарағанда 3 км жолды артық жүріп отырса,онда олардың әрқайсысының жылдамдығы қандай?

  5. Жеңіл машина жүк машинасына қарағанда 2 минут кеш шықты, оны 10 км жүргенде қуып жетті. Егер жеңіл машина жүк машинасына қарағанда сағатына 15 км артық жүрген болса, онда машиналардың жылдамдықтары қанша?

  6. Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанда осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездын жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ артық. Поездардың жылдамдығын табыңыз.

  7. Қайық 12 км/сағ жылдамдықпен бір айлақтан екінші айлаққа қарай шықты. Жарты сағаттан кейін сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен пароход шықты. Егер пароход қайықтан 1,5 сағат бұрын келсе, онда айлақтар арасы қанша?

  8. Екі көлік бір уақытта бір мекеннен, бір бағытта жолға шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 40 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы біріншісінің жылдамдығының 125%-ын құрайды. Арада 30 минут өткен соң, сол мекеннен, сол бағытта үшінші көлік жолға шығып, екінші көлікті біріншісіне қарағанда, 1,5 сағаттан кейін басып озды. Екінші және үшінші көліктің жылдамдығын табыңыз.

  9. \(B\) қаласынан келе жатқан автобус \(A\) қаласына сағат \(18^{\underline{30}}\)-да, ал қарсы бағыттағы жеңіл көлік \(B\) қаласына сағат \(19^{\underline{15}}\)-те жетті. Автобустың жылдамдығы – \(80\) км/сағ, жеңіл көліктің жылдамдығы – \(100\) км/сағ, ал екі қаланың арақашықтығы \(AB=300\) км болса, олар қай уақытта кездескен?

Қате туралы хабарландыру