iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Концентрация және пайыздық құрамға арналған есептер
-
90%-тік суы бар 100кг массадан 80%-тік судан тұратын масса алу үшін қанша суды құрғату керек?
-
Екі заттан тұратын салмағы 18 кг қоспа бар. Қоспадан 40% бірінші, 25% екінші затты айырып алғаннан кейін екінші зат қанша қалса, бірінші зат та сонша қалды. Қоспада әрқайсысынан қанша қалды?
-
Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5 % тұз болады. 15 л теңіз суында,ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтын болу үшін, қанша тұщы су құю керек?
-
Құрамында никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамында никельдің мөлшері 30% болатын 140 т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан қанша тоннадан алу керек?
-
Массасы 0,5 т целлюлозаның 85% -і су. Құрамында 25% целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек?
-
Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30% -і екіншісінің 42 % -іне тең. Осы сандарды табыңыз.
-
Санның 13% -і 1,69-ға тең болса, онда берілген сан нешеге тең?
-
Сүттің 21 % -і қаймақ болады,ал қаймақтың 24% -і май болады. 630 кг май алу үшін қанша сүт керек?
-
Товар 1386 теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңыз?
-
Екі қапта 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан 12,5 % ұнды екіншісіне ауыстырып салса,онда екі қаптағы ұн бірдей болады.Әр қапта қанша ұн бар?
-
Товардың 1 кг-ның сатылатын бағасы 2200 теңге, дүкен бұдан 10% пайда табады. Егер осы товардың кг-ын 1800 теңгеден сатса, онда дүкен 43000 теңге зиян шегеді. Дүкендегі товар қанша?
-
Тауар бағасын алдымен 20%, ал одан кейін жаңа бағасын тағы да 25% кемітті. Тауардың бастапқы бағасын неше процент кеміткен?
-
Сатушы тауарын 9180 теңгеге сатып, 10% зиян шекті. Тауардың бастапқы бағасы қанша?
-
40 саны өзінің квадратының қанша процентін құрайды?
-
Жер шарында дайындалатын барлық ағаштың 33% құрылыс қажетіне жұмсалады. Құрылысқа жұмсалатыннан \(1{2\over3}\) есе артық ағаш отын ретінде пайдаланылады. Қалған 144 миллион тонна ағаш басқа қажеттерге жұмсалады. Жер шарында барлығы қанша ағаш дайындалады?
-
Тауардың бағасы алдымен 15%-ға, сонан соң тағы 20%-ға төмендеген. Бастапқы баға жалпы неше пайызға төмендегенін табыңыз және тауардың соңғы бағасы 1 600 теңге болса, бастапқыда қанша теңге болғанын анықтаңыз
-
20%-дық тұз ерітіндісіне 1 кг 10%-дық ерітінді қосып, 12%-дық тұз ерітіндісін алу үшін қанша 20%-дық ерітінді қосу керек екенін және қанша 12%-дық тұз ерітіндісі алынатынын анықтаңыз.
-
\(A\) банк \(3\) жылға \(1 \ 000 \ 000\) тг \(11\%\) жай пайызбен, \(B\) банк \(3\) жылға \(1 \ 000 \ 000\) тг \(10\%\) күрделі пайызбен қарыз береді. Қай банк тиімді және тиімді банк көмегімен қанша тг үнемделеді?
-
1-дүкенде тауар алдымен 12%-ке қымбаттап, 20%-ке арзандады, сосын тағы 10%-ке қымбаттады, ал 2-дүкенде дәл сондай бағадағы тауар алдымен 9%-ке арзандап, 30%-ке қымбаттады, сосын тағы 15%-ке арзандады. Осы тауарды қай дүкеннен алған тиімді екенін және әр дүкенде баға қалай өзгергенін табыңыз.