Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

y = x^2, y = x^3 функциялары және олардың графиктері

Конспект

y = x2 функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін парабола деп аталатын қисық сызық болады және абсцисса осьінен жоғары орналасады, яғни тармағы жоғары қарайды. Тармақтары І, ІІ ширекте орналасады.

y = x3 функциясының графигі координаталар басына қатысты симметриялы болатын кубтық парабола деп аталатын қисық сызық болады. Оның графиктері І, ІІІ ширекте орналасады.



Сұрақтар
  1. \(y = – x^2\) функциясында \(y = – 36\) мәніне сәйкес келетін \(x\)-тың мәнін табыңыз.

  2. \(A(-0,3;-0,9)\)\(B(1\frac{1}{2};2\frac{1}{4})\)\(C(-3\frac{1}{3};6\frac{1}{9})\) нүктелерінің қайсысы \(y = x^2\) функциясының графигіне тиісті болады?

  3. Кубтың көлемі \(64\) есе өсуі үшін оның қырын қалай өзгерту керек?

  4. Егер квадраттың қабырғасын \(4\) есе ұзартса, онда квадраттың ауданы қалай өзгереді?

  5. \(A (a; b)\) нүктесі \(y = x^3\) функциясының графигіне жататыны белгілі. \(B(–a; b)\), \(C(a; -b)\), \(D (–a;–b)\) нүктелерінің қайсысы осы графикке тиісті болады?

  6. \(y = x^2\) функциясында \(y\)-тің мәні \(1\)-ден үлкен, бірақ \(10\)-нан кіші болатындай \(x\)-тің бірнеше бүтін мәнін табыңыз.

Қате туралы хабарландыру