Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

y = ax^2 және y = ax^3 функцияларының графиктері

Конспект

y = ax2 функциясының графигі төбесі координаталар басында жатқан парабола болады.

  1. a > 1 болса, онда у = x2 функциясының графигін Оу осьіне параллель бағытта а есе «созу» арқылы шығады;
  2. 0 < a < 1 болса, онда у = x2 функциясының графигін Ох осьіне қарай а есе «сығу» арқылы шығады;
  3. a < 0 болса, онда ол y = ax2 функциясының графигіне Ох осьіне қарағанда симметриялы болады.

y = ax3 функциясы графигі координаталар басы арқылы өтетін кубтық парабола болады.

  1. a > 1 болса, онда у = x3 функциясының графигін Оу осьіне параллель бағытта а есе «созу» арқылы шығды;
  2. 0 < a < 1 болса, онда у = x3 функциясының графигін Ох осьіне қарай а есе «сығу» арқылы шығады;
  3. a < 0 болса, онда ол у = ax3 функциясының графигіне Оу осьіне қарағанда симметриялы болады.


Сұрақтар
  1. \(a\)-ның қандай мәндерінде \(y = ax^3\) функциясының графигі \(C\big(\frac{1}{3};\frac{1}{9}\big)\) нүктесі арқылы өтеді?

  2. \(A = (2;4) \)\(B(–2;4)\)\(C=(–2;–4)\)\(D=(2; – 4)\) нүктелерінің қайсысы \(y=\frac{1}{2}x^3\) функциясының графигінде жатады?

  3. \(y = 2x^2\) және \(y = – 2x^3\) функцияларының неше қиылысу нүктесі болады?

  4. \(y = a^2x\) және \(y = b^2x^3\) функциялары неше нүктеде қиылысады?

  5. \(a\)-ның қандай мәндерінде \(A(3;a)\) нүктесі \(y=\frac{1}{5}x^2\) функциясының графигінде жатады?

  6. \(y=ax^2\) функциясының графигі \(A(2; – 8)\) нүктесінен өтетіні белгілі болса, \(a\)-ның мәнін табыңыз.

  7. Графиктерге функция атауын дұрыс сәйкестендіріңіз.

    График

    Графикке сәйкес функцияның  аты

    \(А. \)

     \(1)\) \(y=2x^3\)

    \(Б.\)

     \(2)\) \(y=3x^3\)
     \(3)\) \(y=(x+1)^3\)

    \(В.\)

     \(4)\) \(y=-2x^3\)
     \(5)\) \(y=x^3\)

      

     

Қате туралы хабарландыру