iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
y= k/x функциясы және оның графигі
y = \(\begin{aligned}\frac{k}{x}\end{aligned}\) функциясын кері пропорционалдық деп атайды. Мұндағы х – тәуелсіз айнымалы, у – тәуелді айнымалы, ал к – кері пропорционалдықтың коэфициенті деп аталады.
x ≠ 0 үшін \(\begin{aligned}\frac{k}{x}\end{aligned}\) өрнегінің мағнасы бар. Сондықтан анықталу облысы 0 – ден басқа сандар.
k > 0 болғанда, y = \(\begin{aligned}\frac{k}{x}\end{aligned}\) функциясының графигі I, III ширекте ораналасқан гипербола деп аталатын қисық сызық болады.
k < 0 болғанда, y = \(\begin{aligned}\frac{k}{x}\end{aligned}\) функциясының графигі II, IV ширекте ораналасқан гипербола деп аталатын қисық сызық болады.
k > 0 болса, функция анықталу облысында кемімелі, ал k < 0 болса, функция анықталу облысында өспелі болады.
-
\(y=-\frac{1}{2x}\) функциясы үшін \(f(-0,5)-f(1)-f(5)\) мәнін табыңыз.
-
Егер функция \(f(x)=\frac{1}{x}\) формуласымен берілсе, \(f(1,5)-f(2,5)\) мәндерін табыңыз.
-
\(f(x)=\frac{6}{x}\) функциясы үшін \(f(1,5)\) мәнін табыңыз.
-
\(y=-\frac{5}{x}\) функциясы үшін \(y = – 0,1\) болғандағы \(x\)-тің мәнін табыңыз.
-
\(y=\frac{2}{x}\) функциясы үшін \(x = – 4\) болғандағы мәнін табыңыз.
-
Суреттегі функция графигінің теңдеуін табыңыз.