Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Екі өрнектің қосындысының квадраты

Конспект

Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.

яғни, \( (a + b)^2 = a^2 + 2ab + b^2\).

Мысалы, \((2x + 3y)^2 = (2x)^2 + 2\cdot(2x)\ \)\(\cdot\ (3y) + (3y)^2 = 4x^2 + 12xy + 9y^2\)



Сұрақтар
  1. Теңдеуді шешіңіз.

     \(3y + (5y + 2)^2 = 25(2 + y^2)\)

  2. Өрнекті ықшамдаңыз.

    \((m + 4)^2 – 4(m + 1)^2\)

  3. Екімүшенің квадраты түрінде жазыңыз.

     \(25x^2 + 49y^2 + 70xy\)

  4. Өрнекті түрлендіріңіз.

     \((b^n + b)^2\)

  5. Көпмүше түріне келтіріңіз.

     \((0,2a – 5y)^2\)

Қате туралы хабарландыру