Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Екі өрнектің айырмасының квадраты

Конспект

Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең, яғни: \((a – b)^2 = a^2 – 2ab + b^2\).

Мысалы, \((3m – 5x)^2 = (3m)^2 – 2 \cdot(3m) \)\(\: \cdot\: (5x) + (5x)^2 = 9m^2 – 30mx + 25x^2\).



Сұрақтар
  1. Теңдеудің түбірін табыңыз.

    \(0,5\cdot(x-6)^2+2x\cdot(8-\frac{x}{4})=-2\)

  2. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(a^2 – 2a + 1\), мұндағы \(a = 101\).

  3. Амалдарды орындаңыз.

     \(((3a + b)^2 – (a + 3b)^2)·2ab\)

  4. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \(3(2 – y)^2 + 4(y – 5)^2\)

  5. Теңдеуді шешіңіз.

     \(4x^2 – (2x – 1)^2 = 15\)

  6. Үшмүшені екімүшенің квадраты түріне келтіріңіз.

     \(\frac{1}{4}a^2+4b^2-2ab\)

  7. Екімүшенің квадраты түрінде жазыңыз.

     \(m^2 + 4n^2 – 4mn\)

  8. Көпмүше түріне келтіріңіз.

    \(( –b – 3)^2\)

  9. Көпмүше түрінде жазыңыз.

    \((3a – b)^2\)

Қате туралы хабарландыру