iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Екі өрнектің айырмасының кубы
Екі өрнектің айырмасының кубы – бірінші өрнектің кубына, минус бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің үш еселенген квадратының көбейтіндісіне, минус екінші өрнектің кубына тең, яғни \((a – b)^3 = a^3 – 3a^2b + 3ab^2 – b^3\).
Мысалы, \((x - 3y)^3 = x^3 - 3\cdot x^2\cdot3y+3\cdot\; \)\( x\cdot(3y)^2 - (3y)^3 = x^3 - 9x^2y + 27xy^2 - 27y^3\).
-
Өрнектің мәнін табыңыз.
\((m+2n)^3-(m^2-4n^2)^2\), мұндағы \(m=4\), \(n=-2\).
-
Теңдеуді шешіңіз.
\(5x(x-3)^2-5(x-1)^3+15(x+2)(x-2)=5\)
-
Теңдеуді шешіңіз.
\((3x-1)^3=27x^3-1\)
-
Көбейткіштерге жіктеңіз.
\((x+3y)^2-x^3-9x^2y-27xy^2-27y^3\)
-
Өрнекті ықшамдаңыз.
\(a^3+3ab(a+b)+b^3\)
-
Өрнектің мәнін табыңыз.
\(0,008a^3-0,6a^2b+15ab^2-125b^3\), мұндағы \(a = 10\), \(b = 0,2\)
-
Өрнекті ықшамдаңыз.
\(125x^3 – 225x^2y + 135xy^2 – 27y^3\)
-
Көпмүшені екі өрнектің айырмасының кубы түрінде жазыңыз.
\(x^3 – 3x^2y + 3xy^2 – y^3\)
-
Көпмүшеге түрлендіріңіз: \((x – 2)^3\)
-
Көпмүше түріне келтіріңіз.
\((c – d)^3\)