iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Рационал өрнектер және оларды түрлендіру
Құрамында айнымалысы бөлімінде кездесетін бөлшектерді бөлшек өрнектер деп атайды. Ал жалпы бүтін өрнектермен бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
Өрнектің мағынасы бар болатындай оның құрамындағы айнымалылардың барлық мәндері жиынын осы өрнектің мүмкін мәндер жиыны (М.М.Ж) деп атайды.
Мысалдар:
\(\begin{aligned}\frac{2x}{x^2-5}; \ ММЖ: x=\pm5\end{aligned}\),
\(\begin{aligned}\frac{3y+1}{7y}; \ ММЖ: y=0\end{aligned}\),т.с.с.
\(\frac{a}{b}\) түріндегі өрнекті рационал бөлшек деп атайды.
-
Есептеңіз.
\(\frac{(a+b)^2-c^2}{a+b+c}\), мұндағы, \(a=-3\), \(b=5\), \(c=-4\).
-
Теңдеуді шешіңіз.
\(ax-2x=a^2-4\)
-
Есептеңіз.
\(\frac{a^2-8a+16}{ax-4x}\), мұндағы \(a=-5\), \(x=-3\)
-
\(x\)-тің қандай мәндерінде бөлшектің мағынасы болмайды?
\(\frac{1}{(x+1)(x-2)}\)
-
\(a\)-ның қандай мәндерінде бөлшек нөлге тең: \(\frac{a(a-4)}{a+15}\)?