Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Көпмүше және оның стандарт түрі

Конспект

Бірмүшеліктердің қосындысы көпмүше деп аталады. Ал оның құрамындағы бірмүшелер мүшелері деп аталады.

Мысалы, \(2x+3y^2+5\) мұндағы \(2x, 3y^2,5\) мүшелері.

Көпмүшедегі бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше мүшелер ұқсас мүшелер деп аталады.

Мысалы, \(2ab^2-3a^2b+ab^2+2a^2b=3ab^2-a^2b\).

Көпмүшедегі ұқсас мүшелерді біріктіру теңбе-тең түрлендіру болады.

Мысалы, \(2x^4-3x+4x^3-x^4+4x=(2x^4-x^4)+(-3x+4x)+4x^3=\\=x^4+x+4x^3;\)

Көпмүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүшелер дәрежесінің ең үлкенін айтады.

Мысалы, \(3xy^3-2xy+4x^3-5y^3\). Дәрежесі: 4

Егер көпмүшенің құрамында ұқсас мүшелер жоқ болса, онда оны стандарт түрдегі көпмүше дейді.



Сұрақтар
  1. Ұқсас мүшелерін біріктіріңіз.

     \(2ax-x^2+3ax-y^2+2x^2\)

  2. Дәрежесін табыңыз.

     \(3a^4 – 5a^3 – 2a^5\)

  3. Көпмүшені стандарт түрге келтіріңіз.

     \(2m^2n^3-mn^3-m^4-m^2n^3+mn^3+2m^4\)

  4. Теңдеуді шешіңіз.

     \(3,8-1,5x+(4,5x-0,8)=2,4x+3\)

  5. Теңдеуді \(x\) айнымалысына қатысты шешіңіз.

     \((x + 5m) - (3m - 2x) = 17m\)

  6. \(P(x)=2x^3-6x^2-5x+4\) көпмүшесі берілсе, \(P(1)\)-ны есептеңіз.

Қате туралы хабарландыру