
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көпмүшелерді қосу және азайту
Көпмүшелерді қосу үшін жақшаларды ашып ұқсас мүшелерін біріктіреміз.
Мысалы, (15x+2y)+(4x−3y)=15x+2y+4x−3y=19x−y.
Көпмүшелерді азайту үшін жақшаларды ашып ұқсас мүшелерді біріктіреміз.
Мысалы, (2a−3b)−(−b−a)=2a−3b+b+a=3a−2b.(?)
Көпмүшелерді қосу және азайту кезінде жақша ашу ережесін қатаң сақтау керек:
- егер жақшаның алдында «+» таңбасы болса, онда көпмүше мүшелерін өз таңбаларымен жақшасыз жазамыз;
- егер жақшаның алдында «–» таңбасы болса, онда көпмүше мүшелерін қарама-қарсы таңбаларымен жақшасыз жазамыз.
-
4,6x2y−2,2xy+7y2−(7,8xy−3,4x2y+7y2) көпмүшесінің мәнін x=2, y=5 болғанда табыңыз.
-
A-ның орнына қандай көпмүше қойғанда, теңдік теңбе-теңдікке айналады: A+(6x2−3xy)=8x2+7xy−y2?
-
Қандай көпмүшені 5x^n- x^3– x + 7 көпмүшесіне қосқанда қосынды x^3- 3x + 2 -ге тең болады?
-
Көпмүшенің ең кіші мәнін табыңыз.
1+2x^2+(x^4-x^2+1)
-
Теңдеуді x айнымалысына қатысты шешіңіз.
x^2-(x+m)-(x^2-2x-3m)=0
-
Көпмүшенің мәнін табыңыз.
5x^2y-xy^2-4x^2y+xy^2-xy+7, мұндағы x=-1, y=2.
-
Үшбұрыштың бір қабырғасы a + b -ға тең, екіншісі біріншісінен a – 6 -ға үлкен, ал үшіншісі 2b + 6 -ға тең. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
-
Бір қосылғышы x^3+4 болатындай етіп, 3x^3-2x^2-x+4 көпмүшесін екі қосылғышқа жіктеңіз.
-
Өрнекті ықшымдаңыз.
(2m^4-5m^3n^2-3m^2n^2-mn^3)+(3m^4-5m^3n^2+3m^2n^2)
-
Өрнектің айырмасын табыңыз.
(\frac{3}{4}x^2-1,4xy-2,5y+4)-(2y^2-\frac{7}{5}xy+0,75x^2)
-
P_1(x)=6x^2-4 және P_2(x)=5x^2-10 көпмүшелері берілген. P_1(x)-P_2(x) өрнегін табыңыз.