Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Екі өрнектің қосындысының кубы

Конспект

Екі өрнектің қосындысының кубы бірінші өрнектің кубына, плюс бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің кубына тең, яғни \((a + b)^3 = a^3 + 3a^2b + 3ab^2 + b^3\).

Мысалы, \((a + 2b)^3 = a^3 + 3\cdot a^2 \cdot2b + 3 \cdot\:\)\(a \cdot(2b)^2 + (2b)^3 = a^3 + 6a^2b + 12ab^2 + 8b^3\).



Сұрақтар
  1. Теңдеуді шешіңіз.

     \((x + 2)^3 = x^3 + 8\)

  2. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \((a – b)^3 – a^2 + 2ab – b^2\)

  3. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(3(m – 1)^2 + (m + 2) ( m^2 – 2m + 4) – (m + 1)^3\), мұндағы \(m= –\frac{1}{3}\)

  4. Теңдеуді шешіңіз.

     \(6(x + 1)^2 + 2(x – 1)( x^2 + x + 1) – 2(x + 1)^3 = 32\)

  5. Дәрежеге шығарыңыз.

     \((2a^3 + 3b^2)^3\)

  6. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(0,027x^3 + 1,08x^2y + 14,4xy^2 + 64y^3\). Мұндағы: \(x = – 10\), \(y = 1\).

  7. Өрнекті ықшамдаңыз.

    \(27 + 54a + 36a^2 + 8a^3\)

  8. Көпмүшені екі өрнектің қосындысының кубы түрінде жазыңыз.

     \(8 + 12x + 6x^2 + x^3\)

  9. \((a + 2b)^3\) өрнегін көпмүше түрінде жазыңыз.

  10. Көпмүше түріне келтіріңіз.

     \((p + q)^3\)

Қате туралы хабарландыру