Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу

Конспект

Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу үшін:

  1. көпмүшенің ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтау керек;
  2. әрбір топтағы ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару керек;
  3. әр топтағы жақша ішіндегі көпмүшелер бірдей және ортақ көбейткіш болады;
  4. осы көпмүшені ортақ көбейткіш ретінде жақша сыртына шығарамыз. Көпмүше екі көпмүшенің көбейтіндісіне келеді.

Мысалы,

\(6by-15bx-4ay+10ax=(6by-15bx)-(4by-10ax)=\\=3b(2y-5x)-2a(2y-5x)=(2y-5x)(3b-2a).\)



Сұрақтар
  1. Теңдеуді шешіңіз.

     \(x^2+7x+12=0\)

  2. Үшмүшені көбейткішке жіктеңіз.

     \(x^2+2x-15\)

  3. Өрнекті ықшамдап, көбейтінді түрінде жазыңыз.

     \(x(1-x)+x(x^2-1)\)

  4. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(1-bx-x+b\)

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(5a^2-5ax-7a+7x\), мұндағы \(a = 4\)\(x = – 3\)

  6. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(x^2-xy+x-xy^2+y^3-y^2\)

  7. Теңдеуді шешіңіз.

     \(x^2 – 4x – 5 = 0\)

  8. Үшмүшені көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(x^2+5x+6\)

  9. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(x^3+3x^2+3x+9\)

  10. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(ax+ay+bx+by\)

  11. Егер \(a+b=15\) болса, онда \(\frac 45a+0,8b-3a-3b\) өрнегінің мәні жататын аралықты (-тарды) табыңыз.

  12. Көбейткішке жіктеңіз.

     \(81-x^4-12x^3-36x^2\).

Қате туралы хабарландыру