Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Көпмүшені көпмүшеге көбейту және бөлу

Конспект

Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтіндіні қосу керек.

Мысалы, \((2x+1)(x+4)=2x\cdot x+2x\cdot4+1\cdot x+1\cdot4=2x^2+8x+x+4=\\2x^2+9x+4.\)

 



Сұрақтар
  1. Көбейтуді орындаңыз.

    \((a+1)(a-3)\)

  2. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \((2x+1)(x+4)\)

  3. Көпмүше түрінде жазыңыз.

     \((5-a)(4-a)\)

  4. Көбейткіштерге жіктеңіз.

     \(2a(x+y)-x-y\)

  5. Көпмүше түріне келтiріңіз.

     \((x-2)(x+3)+(x+2)(x-3)\)

  6. Өрнектің мәнін табыңыз: \((x-4)(x-2)-(x-1)(x-3)\), мұндағы \(x=1\frac{3}{4}\).

  7. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \((x-5)(x+8)-(x+4)(x-1)\)

  8. Теңдеуді шешіңіз.

     \((2x-1)(3x+4)-6x^2=16\)

  9. Тізбектес екі санның көбейтіндісі келесі тізбектес екі санның көбейтіндісінен \(38\)-ге кем. Осы сандарды табыңыз.

  10. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \((x-3)(x+7)-(x+5)(x-1)\)

  11. Амалдарды орындаңыз.

     \((x^2-1)(x^2+x+1)(x^2-x+1)\)

  12. Теңдеуді шешіңіз.

     \(7+2x^2=2(x+1)(x+3)\)

  13. Көпмүше түрінде жазыңыз: \((x-1)(x-2)+(x-3)(x-4)\)

  14. Егер \(ab+c^2=5\) болса, онда \((a+c)(b+c)+(a-c)(b-c)\) өрнегінің мәні неге тең?

  15. Теңдеуді шешіңіз.

     \((y+4)(y+1)=y-(y-2)(2-y)\)

Қате туралы хабарландыру