Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бүтін өрнекті көпмүшеге түрлендіру

Конспект

Қосу, азайту, көбейту, дәрежеге шығару және нөлге тең емес санға бөлу амалдарының көмегімен, сандар мен айнымалылардан құралған өрнекті бүтін өрнектер дейміз.

Мысалдар: \(-\frac{4}{5}ax^2;\ \frac{x-y}{3};\ x^2+2xy+y^2\)  т.с.с.

Бүтін өрнектерді көпмүшеге түрлендіру үшін сол өрнектердегі амалдарды орындап, шыққан өрнекті ықшамдау керек.

Мысал: x · (1 – 2x)2 – (x2 – 2) · (2 – x) + 4x· (3x – 1) = x · (1 – 4x + 4x2) – (2x2 – x3 – 4 + 2x) + (12x4 – 4x3) = x – 4x2 + 4x3 – 2x2 + x3 + 4 – 2x + 12x4 – 4x3 = 12x4 + x3 – 6x2 – x + 4.

Мысал:

\(x\cdot(1 - 2x)^2-(x^2 - 2)\cdot(2 - x)+4x^3\cdot(3x-1)=\\x\cdot(1 - 4x + 4x^2) - (2x^2 - x^3 - 4 + 2x) + (12x^4 - 4x^3) =\\ x - 4x^2 + 4x^3 - 2x^2 + x^3 + 4 - 2x + 12x^4 - 4x^3 =\\ 12x^4 + x^3 - 6x^2 - x + 4.\)



Сұрақтар
  1. Есептеңіз.

    \((\frac{97^3+83^3}{180}-97\cdot83):(35^2-28^2)\)

  2. Өрнекті ықшамдаңыз.

     \((3-2a)^2+(2a+5)^2+(6-4a)(2a+5)\)

  3. Ықшамдаңыз.

     \((a+8)^2-2(a+8)(a-2)+(a-2)^2\)

  4. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(87^2-174\cdot67+67^2\)

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \((3a-2b)^2-(2a-3b)^2\), мұндағы \(a=1,35\) және \(b=-0,65\)

Қате туралы хабарландыру