iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Дәрежелерді көбейту және бөлу
Егер a кез келген сан, m және n натурал сандар болса, онда \(a^m\cdot a^n=a^{m+n}\) яғни, бірдей негіздегі дәрежелерді көбейткенде негізін сол қалпында қалдырып, дәреже көрсеткіштерін қосу керек. Мысалы, \(2^{10}\cdot16=2^{10}\cdot2^4=2^{14}; y^9\cdot y^2\cdot y^5=y^{16}\).
Егер а кез келген сан, m мен n натурал сандар болса, онда \(a^m:a^n=a^{m-n}\) яғни, бірдей негіздегі дәрежелерді бөлгенде негізін сол қалпында қалдырып, бөлінгіштің дәрежесінен бөлгіштің дәрежесін шегеру керек.
Мысалы, \(3^5:9=3^5:3^3=3^3; a^{15}:a^9=a^{15-9}=a^6\).
-
\(x\)-ті \(a\)-ның дәрежесі түрінде жазыңыз.
\(a^5\cdot x=a^{16}\)
-
Өрнекті ықшамдаңыз: \(125m^4p^5:(-0,25m^3p^2):25mp\)
-
Өрнекті ықшамдаңыз.
\((a^5\cdot a^3+a^8\cdot a^0):a^7\)
-
Дәреже түрінде жазыңыз.
\(b^{12}:(b^4\cdot b^3)\)
-
Бөлшектің мәнін табыңыз.
\(\frac{0,3^{12}}{0,3^4\cdot 0,3^5}\)
-
Дәреже түрінде жазыңыз.
\(0,125\cdot0,25\cdot0,5\)
-
Ықшамдаңыз.
\((-3)^n\cdot(-3)^m\cdot81\)
-
Өрнекті дәреже түрінде жазыңыз.
\(243\cdot3^k\)
-
\(x^{12}\) өрнегін көбейткіштің бірі \(x^5\) болатын екі көбейткішке жіктеңіз.
-
Дәреже түрінде жазыңыз.
\(m\cdot m^2\cdot m^3\cdot m^4\)
-
Есептеңіз.
\(\frac{(4^3)^4\cdot4^2\cdot4^6}{(4^2)^8}\)