 
      iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану – натурал сандарға амалдар қолдану ережесі бойынша орындалады.
Мысалы, \((-{5\over12}-{3\over4}):2{1\over3}+5{1\over3}\cdot0,75\).
Бірінші амал, жақша ішіндегі амалды орындау:
\(-{5\over12}-{3\over4}=-{5\over12}-{9\over12}=-{14\over12}=-{7\over6}\).
Екінші амал, бөлу: \(-{7\over6}:2{1\over3}=-{7\over6}\cdot{3\over7}=-{1\over2}\).
Үшінші амал, көбейту: \(5{1\over3}\cdot0,75={16\over3}\cdot{3\over4}=4\).
Төртінші амал, қосу: \(-{1\over2}+4=-{1\over2}+3{2\over2}=3{1\over2}\).
- 
                            Теңдеуді шешіңіз. 0,5 · |2x – 5| – 8 = – 6,5 
- 
                            Есептеңіз. \(|-5,6|\cdot9\cdot|-1,5|\over(-2,7)\cdot(-0,8)\cdot|-1,4|\) 
- 
                            Әлияның ойлаған санын (– 6)-ға көбейтіп, оған \(8{4\over5}\) – і қосқанда, қосынды (– 67,4)-ке тең болды. Әлия қандай сан ойлады? 
- 
                            Есептеңіз. \({{0,9-3}\over{3-0,9}}\) 
- 
                            Өрнектің мәнін табыңыз: \({(6,5-4\cdot1,5)\cdot(-9)\over-3\cdot1,5}\) 
- 
                            а – ның қандай мәнінде бөлшек мәні 0-ге тең болады? \({9-3a}\over{9+3a}\) 
- 
                            Амалдарды орындаңыз. \(2+{{3}\over{2-1{{1}\over{2}}}}\) 
- 
                            Компьютердің бағасы алғашқы бағасының \(1\over5\) – іне арзандады. Компьютердің алғашқы бағасы соңғы бағасынан неше есе артық болған? 
- 
                            Есептеңіз. \({{1\over4}-{2\over15}}\over{{5\over12}-{2\over5}}\) 
 
                             
                