Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Рационал сандардың периодты ондық бөлшекпен жазылуы

Конспект

Кез келген рационал санды \(p\over q\) (р–бүтін, q–натурал сан) қысқармайтын жай бөлшек түрінде жазуға болады.

Қысқармайтын жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін, оның алымын бөліміне бұрыштап бөлу керек.

Ондық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшектер – шектеулі ондық бөлшектер деп аталады.

Бөлімінің жіктеуінде 2 және 5 жай көбейткіштері ғана болса, ондай қысқармайтын жай бөлшекті шектеулі ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы, \({3\over5}=0,6; -{1\over8}=-0,125\).

Ал басқа жағдайда шектеусіз ондық бөлшек болады.

Мысалы, \({2\over9}=0,222...; {5\over6}=0,8333...\).

Бұл ондық бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшек дейді. Периодты ондық бөлшектердегі үтірден кейін шексіз қайталанатын цифрды немесе цифрлар тобын периоды дейді.

Мысалы: 0,222... = 0,(2) оқылуы: 0 бүтін периодта 2,

0,8333... = 0,8(3) оқылуы: 0 бүтін оннан 8 периодта 3.

Егер периодты ондық бөлшекте периоды үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп атайды.

Мысалы, \({2\over3}=0,666...=0,(6); -{2\over11}=-0,1818...=-0,(18)\).

Егер периодты ондық бөлшекте үтір мен бірінші периодтың аралығында бір немесе бірнеше қайталанбайтын цифрлар болса, оны аралас периодты ондық бөлшектер дейді.

Мысалы, \({7\over15}=0,466...=0,4(6); -{5\over12}=0,4166...=-0,41(6)\).

Кез келген рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы, \({2\over3}=0,666...=0,(6); {1\over5}=-0,200...=0,2(0)\).



Сұрақтар
  1. \(8\over15\) бөлшегін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыз.

  2. Нәтижесін периодты ондық бөлшекпен жазыңыз.

     \(({{3}\over{22}}+{{2}\over{11}})\cdot2\)

Қате туралы хабарландыру