iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Масштаб
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп аталады.
Мысалы, картаның масштабы 1:100 000 болса, онда картадағы 1 см кесіндіге жер бетіндегі 100 000 см = 1000 м = 1 км сәйкес келеді.
Егер 1:2500 масштабындағы 3 см кескінге сәйкес жер бетінің өлшемін табатын болсақ, онда 3 · 2500 = 7500 см = 75 м, яғни 3 см 75 м-ге сәйкес.
-
Ұзындығы 10 м болатын кесіндінің сызбадағы ұзындығы 1 см. Сызба масштабын табыңыз.
-
Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 см. Картаның масштабын табыңыз.
-
Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Елорда арасын қосатын кесінді ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығы неше киллометр?
-
Масштабы 1:10 000 картада тік төртбұрышты жер алқабының ұзындығы 12,5 см, ені 8 см. Осы жер алқабының ауданын табыңыз.
-
Картадағы 1,8 см кесіндіге жер бетіндегі 270 км арақашықтық сәйкес. Осы картадағы 2,7 см кесіндіге жер бетіндегі неше киллометр арақашықтық сәйкес болады?
-
Екі ауылдың арасы – \(16\) км. \(1:100000\) масштабпен сызғанда осы арақашықтық картада қанша болатынын табыңыз.