 
      iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Оң және теріс сандар
«+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады. Мысалы, + 4973, + 2 – оң сандар.
«–» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады. Мысалы,
–2210, –3 – теріс сандар.
0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында немесе жеке жазылса, оның алдына «+» таңбасы қойылмайды.
Мысалы,
+3а – 7,5 = 3а – 7,5
+4,5; +0,7 орнына 4,5; 7 деп жазылады.
Егер өрнектерде теріс санның алдында қосу, көбейту, бөлу, азайту амалдары болса, онда теріс сан жақшаға алынып жазылады.
Мысалы, 9 + (–7), 8 : (–2), 6 · (–3), 7 – (–6), т.с.с.
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесінділерге бөлінген, оң бағыты көрсетілген түзу.
Координаталық түзуде 0 (нөл) саны санақ басы О нүктесіне сәйкес келеді.
Координаталық түзуде санақ басынан оңға қарай оң бағыт деп атайды, онда бірлік кесінділер қатар-қатар салынады, бірінші кесінді ұшы 1, екінші кесінді ұшы 2, т.с.с.
Координаталық түзуде оң бағытқа қарама-қарсы бағытты теріс бағыт деп атайды. Онда теріс сандар кескінделеді.
- 
                            5 – сыныптың 5 оқушысы бір-бірімен қол алысып сәлемдесті. Олардың сәлемдесу саны қанша болды? 
- 
                            А (– 2) және В (1) нүктелері берілген. А нүктесі В және С нүктелерінен бірдей қашықтықта. С нүктесінің координатасын табыңыз. 
- 
                            «Тынық мұхитындағы Мариан шұңғымасының тереңдігі 11 022 м». Мариан шұңғымасының тереңдігін санмен өрнектеңіз. 
- 
                            «Байкал көлінің тереңдігі 1620 м» осы шаманы оң немесе теріс сан арқылы өрнектеңіз. 
- 
                            Трамвайдың аялдамаға қатысты орнын оң немесе теріс санмен жазыңыз: «Трамвайдың аялдамаға келуіне 57 м қалды». 
- 
                            Шамаларды оң немесе теріс санмен өрнектеңіз: «Олар ойынды 2 ұпай ұтыспен аяқтады» 
- 
                            Аталған мерзімдегі ауа температурасын «+» немесе «–» таңбасымен көрсетіңіз. «Күндіз 3\(^\circ\) жылы, түнде 4\(^\circ\) суық». 
- 
                            А(– 3) және В(4) нүктелерінің арақашықтығын бірлік кесінді бойынша табыңыз. 
- 
                            Координаталық түзу бойында А(– 3) және В(2) нүктелері көрсетілген. АВ арақашықтығын бірлік кесіндімен көрсетіңіз. 
- 
                            Координаталық түзудегі А(– 6) және В(2) нүктелерінен бірдей қашықтықтағы нүктенің координатасын табыңыз. 
- 
                            Мұз температурасы – 20\(^\circ\). Ауа температурасы тағы да -3\(^\circ\)С-қа суыса, оның температурасы қанша болады? 
 
                             
                