
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар
Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.
Мысалы: +3 пен –3; –0,6 мен 0,6; −15 мен 15 сандары бір-біріне қарама-қарсы сандар.
0 (нөл) санына қарама-қарсы сан жоқ.
Бүтін сандар жиыны – Z әрпімен таңбаланады.
Мысалы, Z = {–7, –6, –3, –2, –1, 0, 1, 2, 3, 4}
Бүтін сандар, оң және теріс бөлшек сандар жиыны рационал сандар деп аталады.
Рационал сандар жиыны – Q әрпімен таңбаланады.
Мысалы, Q = {−358;−3;−17;0;0,5;5,6;9}
-
5 · (2,2 · 8 – 8 · 1,3) санын өзіне кері санға қосқанда шығатын қосындыны табыңыз.
-
1,3 · 9 – 9 · 0,4 санына қарама-қарсы санды қосқанда шыққан санды табыңыз.
-
(2,75−23)⋅1,2 санына кері санға қарама-қарсы санды табыңыз.
-
15:2,4−6136 санына қарама-қарсы санды табыңыз.
-
(12+56−79):123 санына кері санды табыңыз.
-
Осыдан 3 жыл бұрын ағасы мен қарындасының жас қосындысы 15 – ке тең болды. Қазір олардың жастарының қосындысы қаншаға тең?
-
Теңдеуді шешіңіз.
– х + 4,5 = 7
-
x−1,22=3,69 теңдеуінің түбіріне қарама-қарсы санды табыңыз.
-
7,6 · 2 – 2 · 6,7 санына қарама-қарсы санды табыңыз.
-
Мансұр су температурасының төмендеуін әр 5∘ сайын жазып отырды да, мына кестені құрды.
Су температурасы
Су температурасының өзгеруіне
кеткен уақыт
95∘−90∘90∘−85∘85∘−80∘80∘−75∘75∘−70∘
2 мин 20 с3 мин 9 с4 мин 18 с6 мин 55 с9 мин 40 с
Судың температурасы 85∘C - тан 75∘C - қа дейін төмендеу үшін қанша уақыт кеткенін анықтаңыз.