
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Санның модулі
Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы сол санның модулі деп аталады.
Мысалы, –4 санының модулі 4-ке тең. Жазылуы |–4| = 4.
Теріс санның модулі оған қарама-қарсы санға тең.
Мысалы, |–2,5| = 2,5, |−35|=35.
Оң санның модулі сол санның өзіне тең.
Мысалы, |3,7| = 3,7, |435|=435.
Нөл санының модулі 0-ге тең.
Кез келген оң сан 0 (нөл)-ден үлкен: 112>0.
Кез келген теріс сан 0 (нөл)-ден кіші: –3,5 < 0.
Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен болады.
Мысалы, –10 мен –4 салыстырайық.
|–10| = 10, |–4| = 4, 10 > 4, ендеше модулі кішісі –4 > –10.
-
Есептеңіз: 58⋅|0,8|+|−4,5|:3
-
Теңдеуді шешіңіз.
|m|+3=12
-
Теңдеуді шешіңіз.
|3x + 1| = 0
-
х – тің мәнін табыңыз.
0,71,05=x−210,5
-
Амалдарды орындаңыз.
|7,5| + |– 5,3|