Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жақшаларды ашу. Ұқсас мүшелерді біріктіру

Конспект

Жақша алдында «+» таңбасы болса, онда жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбасымен жазылады.

Мысалы, 7 + (–9a + 4b – c) = 7 – 9a + 4a – c.

Жақша алдында «–» таңбасы болса, онда жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.

Мысалы, 7 – (3a – b) = 7 – 3a + b.

Алгебралық өрнектердің қосындысында әрбір қосылғыштардағы бірдей көбейткіштерді жақша сыртына шығарып жазуға болады. Мұны ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды.

Мысалы, 12x + 15y – 21z = 3(4x + 5y – 7z), мұнда 3 саны ортақ көбейткіш.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

  1. олардың коэффициенттерін қосу керек;
  2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Мысалы, 2,8x – 7y + 5,6 + 3y – 4x – 2 = (2,8x – 4x) + (–7y + 3y) + (5,6 – 2) = 1,2x – 4y + 3,6.



Сұрақтар
  1. Өрнекті ықшамдаңыз.

      \(-2{{3}\over{8}}(4c+{{8}\over{19}})+9{{1}\over{2}}c\) .

  2. а – b = 4 болса, 2(а – 3b) + 3а + b өрнегінің мәнін табыңыз.

  3. Өрнекті ықшамдаңыз.

    4(3a + 1,6) – (5 + 2a) – 3(a – 1,2)

  4. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз.

     1,5а2–3аb+6ас.

  5. Жақшаны ашып, ықшамдаңыз.

     (x – n) + (m – 5) – (m – n)

  6. Жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңіз.

    \(x(7-cy)-10y(9+2ax)-5zy(2-cx)-5y(czx-2z)+5y(18+4ax+\frac{cx}{5})\)

Қате туралы хабарландыру