Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Тура және кері пропорционал шамалар

Конспект

Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда, екіншісі де сонша есе артса, онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.

Мысалы, заттың бағасы тұрақты болғанда, заттың мөлшері артса, оның құны да артады. Мұнда зат мөлшері мен құны тура пропорционал.

Жиі кездесетін тура пропорционал шамалар:

  1. заттың бағасы тұрақты болғандағы құны мен мөлшері;
  2. тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;
  3. квадраттың қабырғасы мен периметрі;
  4. заттың көлемі мен массасы, т.с.с.

Егер бірінші шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады.

Мысалы, жұмыс мөлшері тұрақты болғанда, жұмысшы саны мен жұмыстың орындалу уақыты кері пропорционал шамалар болады.

Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі тең болады.

Кері пропорционал шамаларға:

  1. тік төртбұрыш ауданы тұрақты болғанда, ені мен ұзындығы;
  2. құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
  3. арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт, т.с.с.


Сұрақтар
  1. Тапсырманы 30 жұмысшы 6 күнде орындайды. Егер жұмысшылар саны 20% – ке өссе, осы тапсырма қанша күнде орындалады?

  2. Массасы 150 г, концентрациясы 40% – ас содасы дайындалған. Оған қанша су қосқанда концентрациясы 15%  ас содасының ерітіндісі алынады?

  3. 4 тігінші 15 күнде 20 көйлек тіккенде, 2 тігінші 9 күнде неше көйлек тікті?

  4. Ұзындығы 800 м поезд станция кезекшісінің тұсынан 40 секундта өтті, ал тоннельден 1,5 минутта өтті. Тоннельдің ұзындығын табыңыз.

  5. Құбырдан аққан сумен 2 сағатта хауыздың \({1\over5}\) – і толады. Әрбір сағатта құбырдан аққан судың мөлшері өзгермегенде, 5 сағатта хауыздың қандай бөлігі суға толады?

  6. Шиеден қайнатылған тосаптың 2 бөлігі шие, 3 бөлігі құмшекер болу үшін 8 кг шиеге неше килограмм құмшекер қосу керек?

  7. Поезд тұрақты жылдамдықта бір қалыпты жүріспен 2 сағатта 144 км жол жүрді. Ол 5 сағатта қанша жол жүреді?

  8. Ыстық күні 6 шалғышы ыдыстағы сусынды 8 сағатта ішті. Осындай ыдыстағы сусын 4 сағатта ішілсе, шалғышылар саны қанша болған?

  9. Станокта сағатына 108 бөлшек даярланса, тапсырма 5 сағатта орындалады. Осы станокта сағатына 60 бөлшек даярланса, тапсырма неше сағатта орындалады?

  10. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиыр саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

  11. Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол бар, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, кітапта неше бет болған болар еді?

  12. Алаңның пішіні бүйір қабырғасы табанынан 1,5 есе артық теңбүйірлі үшбұрыш тәрізді. Оны айналдыра қоршау үшін 60 баған керек. Осы алаңның табанының ұзындығын да, басқа екі бүйір қабырғаларын да 2 есе ұзартқанда, оны қоршау үшін неше баған керек болатынын табыңыз.

  13. Адам минутына \(15\) рет тыныс алады. Әр тыныс алған сайын \(0,55\) литр ауа жұтады. Оның бір сағатта жұтатын ауасының көлемін табыңыз.

  14. \(x\) жұмысшы \(x\)  күнде \(x\)  деталь жасайды. \(y\)  жұмысшы \(y\) детальді неше күнде жасайды?

Қате туралы хабарландыру