Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қосу және азайту

Конспект

Екі теріс санды қосу үшін:

  1. қосылғыштардың модульдерін қосу керек;
  2. шыққан санның алдына «–» таңбасын қою керек.

Мысалы, 8+(11)=(8+11)=19,0,3+(0,9)=1,216 =(35)=(530+1830)=2330.

 

Таңбалары әртүрлі екі санды қосу үшін:

  1. үлкен модульді саннан кіші модульді санды азайту керек;
  2. шыққан санның алдында модулі үлкен санның таңбасын қою керек.

Мысалы, 9 + (–5) = (9 – 5) = 4 немесе 9 + (–5) = 9 – 5 = 4; (–10) + 7 = –10 + 7 = –3;

(325)+13=325+13=3115.

Қарама-қарсы сандар қосындысы 0 (нөл)-ге тең.

Мысалы, а + (–а) = 0; (–14,9) + (14,9) = 0.

 

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек, яғни а – b = а + (–b).

Мысалы, 4 – 9 = 4 + (–9) = –5, 8 – (–5) = 8 + 5 = 13, –9 – (–12) = –9 + 12 = 3.

Азайтудың ерекше жағдайлары:

  1. a a = 0, мысалы, –5 – (–5) = –5 + 5 = 0;
  2. 0 – a = –a, мысалы, 0 – 2,7 = –2,7;
  3. a – 0 = a, мысалы, –4,1 – 0 = –4,1.

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Мысалы, А(–4) және В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын табу үшін: АВ = 3 – (–4) = 3 + 4 = 7. АВ = 7 бірлікке тең.



Сұрақтар
  1. 612 және 213 сандарының қосындысына 416 санына қарама-қарсы санды қосыңыз.

  2. Өрнектің мәнін табыңыз: (125+(3,6))+(256+(23))

  3. Түсте ауа температурасы –2С көрсетті. Кешке – 3-қа, ал түн ортасында –5-қа өзгерді. Түн ортасында ауа температурасы неше градус болды?

  4. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп барып, жүзу деңгейін – 42 метрге, содан соң тағы да – 27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?

  5. Өрнектің мәнін табыңыз: (а + b) + (– 14,5), мұндағы а = – 28,7, b = – 3,8

  6. Қосуды орындаңыз: 1623+(8,75)+(2512)

  7. Қосындыны есептеңіз: 8,1+(10,9)+(1,9)+(4,1)

  8. АВСD квадратының АВ қабырғасы координаталық түзу бойында орналасқан. А (– 2,8) және В(3,7). АВСD квадратының периметрін табыңыз.

  9. Есептеңіз: 323(45)

  10. Қосындыны табыңыз:  3,5+380,75+114678

  11. Өрнекті ықшамдаңыз: 2,3а – 3,56а + 7,8а

  12. Есептеңіз:7+(34+0,5)

  13. Теңдеуді шешіңіз : x+32512=3016

  14. Теңдеуді шешіңіз:13,7(x)=4,9

  15. Өрнекті ықшамдаңыз: 2,8x0,6+4,2x+16,87x

  16. Қосындыны есептеңіз: 0,8+0,5+(0,75)+0,32

  17.  323+0,9+(25)+6,7+(815) өрнегінің мәнін табыңыз.

  18. Ауаның температурасы + 15С-тан – 2-қа өзгерді. Ауаның соңғы температурасы неше градус?

Қате туралы хабарландыру