 
      iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Көбейту және бөлу
Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін:
- осы сандардың модульдерін көбейту керек;
- көбейтіндінің алдына «–» таңбасын қою керек.
Мысалы, \((-0,35)\cdot6=-2,1; {2\over3}\cdot(-{3\over5})=-{2\over5}.\)
Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін:
- осы сандардың модульдерін көбейту керек;
- көбейтіндінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Мысалы, \((-0,2)\cdot(-1,5)=0,3; -{3\over8}\cdot(-{4\over15})={1\over10}=0,1\).
Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу үшін:
- бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;
- шыққан бөліндінің алдына «–» таңбасын қою керек.
Мысалы, \(-4,2:6=-0,7; 2{1\over7}:(-{5\over7})=-3\).
Таңбалары бірдей сандарды бөлу үшін:
- бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;
- шыққан бөліндінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Мысалы, \((-3,6):(-1,2)=3; -{4\over7}:(-1{1\over3})={3\over7}\).
- 
                            4,6 · 1,5 = 6,9 көбейтіндісін пайдаланып, өрнектің мәнін табыңыз. –2 · (– 5) · (– 4,6) · (– 1,5) 
- 
                            0,2 · (a + 6) – 11, мұндағы a = – 7. 
- 
                            Өрнектің мәнін табыңыз. \((-6{{2}\over{5}}+3)\cdot(3-4,5)\cdot{{5}\over{17}}\) 
- 
                            Теңдеуді шешіңіз. 8 – 5x + x = 16 
- 
                            Амалды орындаңыз. \((-{3\over4}-{1\over6}):(-1{3\over8})\) 
- 
                            Есептеңіз. \((-{5\over12}-{3\over4}):2{1\over3}+5{1\over3}\cdot0,75\) 
- 
                            8,2 · 1,5 = 12,3 көбейтінді бойынша өрнектің мәнін табыңыз. (– 3) · (– 2) · (– 8,2) · (– 1,5) 
 
                             
                