iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Функцияның кестемен немесе графикпен берілуі
Тәжірибелер мен сынақ нәтижелері аргумент пен оған сәйкес функция мәндері белгілі бір ретпен кесте арқылы беріледі.
Мысал:
Бір тәуліктегі температураның өзгерісі:
уақыт |
2 |
4 |
6 |
8 |
10 |
12 |
14 |
16 |
18 |
20 |
22 |
24 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
температура |
–3 |
–2 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
3 |
2 |
1 |
–1 |
–2 |
Функцияның графигі деп координаталық жазықтықта абсциссалары аргумент мәндері, ал ординаталары функция мәндері болатын нүктелер жиынын атайды.
Графикті пайдаланып аргументтің берілген мәніндегі функцияның мәнін табу үшін:
- аргумент мәнін абсцисса осімен тауып, оған перпендикуляр түзу жүргізу керек;
- оның графикпен қиылысқан нүктесінен ордината осьіне перпендикуляр жүргізу керек;
- осы перпендикулярдың ордината осімен қиылысуындағы сан функцияның мәнін береді.
Ал функцияның берілген мәні бойынша аргументті табу үшін осы алгоритмді кері орындау керек.
-
у = 3х – 1 функциясының графигіне А (2; 5), В (1; – 2), С (– 1; 4) нүктелерінің қайсысы тиісті болады?
-
х пен у тура пропорционал шамалар болса, функция формуласын табыңыз.
x -2 0 y 3 0 -
Кесте бойынша функцияның бос орындағы мәнін табыңыз.
x
1
2
3
4
y
1
4
16