iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Берілген сандар қатарының медианасы
Конспект
Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
- берілген сандарды өсу немесе кему ретімен жазу керек;
- осылайша орналасқан санның қақ ортасындағы санды табу керек. Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.
Егер берілген сандар саны тақ болса, онда медиана ортадағы бір ғана сан болады. Егер сандар саны жұп болса, онда медиана ортадағы екі санның арифметикалық ортасы болады.
Мысалдар:
- 9; 4; 5,1; 3,2; 7; 6,2; 8,9 сандарының медианасын табайық. Ол үшін сандарды өсу ретімен жазайық: 3,2; 4; 5,1; 6,2; 7; 8,9; 9. Медиана 6,2 болады.
- \({7\over11}; {9\over11}; {2\over11}; {4\over11}; {8\over11}; {5\over11}; {3\over11}; {6\over11}\) сандар қатарынан медианасын табайық, ол үшін оларды өсу ретімен жазайық: \({2\over11}; {3\over11}; {4\over11}; {5\over11}; {6\over11}; {7\over11}; {8\over11}; {9\over11}\). Медиана \(({5\over11}+{6\over11}):2={1\over2}\) болады.
Сұрақтар
-
\({5\over18}; {1\over6}; {2\over15}; {7\over30}; {1\over3}\) сандар қатарының медианасын табыңыз.
-
3,5; 2,6; 3,5; 1,3; 2,6; 3,5 сандар қатарының медианасын табыңыз.
-
Алты саннан тұратын өспелі тізбектің \(3-\)мүшесі \(4-\)ке тең, ал осы сандар қатарының медианасы \(7-\)ге тең екені белгілі. Тізбектің төртінші мүшесін табыңыз.
Қате туралы хабарландыру