Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Алгебралық өрнек. Алгебралық өрнектің мәні. Алгебралық қосынды

Конспект

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, амал таңбалар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек болып саналады.

Мысалы, \(a^2; \, 5(3-7a); \, {x+y\over x-y}; \, -4\cdot(20+5);\ \text{т.с.с.}\)

Алгебралық өрнектің құрамындағы әріпті санмен алмастыруға болады. Әріптің берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды.

Мысалы, \(2+x\over x-1\) өрнегінде х-тың қабылдайтын мәндері 1-ден басқа сандар.

Бірнеше алгебралық өрнектерден «+» және «–» таңбалары арқылы құрастырылған жазу алгебралық қосынды деп аталады.

Мысалы, \(4a-2b+3c-5d,\) мұндағы \(4a, \, -2b, \, +3c, \, -5d\) алгебралық қосылғыштар деп аталады.

Алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды алгебралық өрнектің мәні деп атайды.

Мысалы, \((a-3)\cdot2-b\) өрнегіндегі a = 7, b = 5 болса, \((7-3)\cdot2-5=4\cdot2=5=13\) өрнектің мәні болады.

 



Сұрақтар
  1. Алгебралық өрнектің қосындысын табыңыз.

    \(\frac37\) + x + \(\frac47\) – x

  2. Өрнектің мәнін табыңыз: \(a^2\over b^2-1\), мұндағы а = – 3, в = – 2.

  3. \(x-y={5\over8}\) – ті пайдаланып, \(1,5\over x-y\) өрнегінің мәнін табыңыз.

  4. Шебер тапсырманы а сағатта орындайды, ал шәкірті b сағатта орындайды. Егер екеуі бірігіп істесе, олар тапсырманы неше сағатта орындайды? а = 4, b = 6 болғандағы мәнін есептеңіз.

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \({x\over8}+{y\over2}-3\), мұндағы х = 5; у = 3.

  6. Алгебралық өрнек түрінде жазыңыз.

    «а саны мен b санының қосындысының олардың айырмасына қатынасы»

  7. Алгебралық өрнектің мағынасы болатын мәндер жиынын анықтаңыз.

     \(a\over5+a\)

  8. Өрнектің мәнін табыңыз: 0,9 · (4х + 3) – (1,6x – 0,3), мұндағы х = – 1.

  9. Есептеңіз.

     

Қате туралы хабарландыру